Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Алтын күз
Алтын күз
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Балбөбек» балабақшасының, «Балапан» тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.

Жүргізуші: Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп - ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Отан»
Тақпақтар:
Айару: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ

Айжан: Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан

Нұрислам: Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар

Жүргізуші: «Қолшатыр» биі (Аяна, Мөлдір, Палина, Дария, Қалдан, Еркеназ, Айару,)

Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ ата - анамен ойын ойнатады.
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық
Еркеназ: Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.

Қалдан: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Нұрдәулет: Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

Бибінұр: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Жапырақтарды бір бөлек себетке, алма, алмұрттарды бір бөлек себетке жинаймыз.
Ойын: «Жапырақтар мен жемістерді жинаy»
Орысша тақпақтар:
Айарy: У меня колючий бок
На макушке – хохолок
Замечательный на вкус
Ананасом я зовусь

Серік: Детский сад, детский сад
Почему так говорят
Потомy, что дрyжно в нем
Мы одной семьей растем

Жүргізуші: «Ұлдар биі» (Нұрдәyет, Бекнұр, Нүрислам, Серік, Нұрасыл)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік

«Ұйқасын тап» ойыны.

1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба? (шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері – бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін - ай
Оның аты…(таңқурай )
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балаларымыздың күз мерекесіне дайындаған күзгі сән үлгілерін тамашалаңыз.
Күзгі сән үлгілері:
«Топ - топ балақан» өлеңін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ - дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы
Луговой ауылы "Балбөбек"бөбекжайы
Жумагулова Гулжан Базарбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама