Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің оқулықтарым
Сабақтың тақырыбы Менің оқулықтарым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Менің оқулықтарым» тақырыбында сөйлей білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері: 1) білімділік: Оқылым, жазылым, сөйлесім, айтылым әрекеттерін жүйелі қолдану арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. Тақырыптағы лексикалық бірліктерді меңгерту. Грамматикалық тақырып жіктік жалғау, септіктер мен тәуелдік жалғауларына байланысты тапсырмалар орындау.
2) дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
3) тәрбиелілігі: Оқушыларды оқу құралдарын, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: аудару, сұрақ - жауап, слайд, көрнекіліктер, жұптық, жеке жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: суреттер, слайдтар, қима - қағаздары

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен тілдесу, назарларын сабаққа аудару.
1) Қазақ тілім - өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, қазақ тілім.
2) Тіл дамыту: 1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаймыз?
Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы?
Н. Ә. Назарбаев пен Ж. Нәжімеденов
3. Әнін жазған кім? Ш. Қалдаяқов
3) І топ Қазақ тіл тобы.
ІІ топ Орыс тіл тобы
ІІІ топ Математика тобы
ІІ. Үй тапсырмасын тексерусұрау.
1. Оқушы ережесін жатқа айту.
2. «Күнделік» сөзіне сөйлем құрастырып келу.
3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: Қима - қағаздарын беру.
Кітап не үшін керек?................................................
Қалам не үшін керек?................................................
Өшіргіш не үшін керек?.............................................
Сызғыш не үшін керек?..............................................
Оқу құралдарына нелер жатады? қалам,..................

ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Сұрақ – жауап: 1. Бір аптада неше күн бар? Әр күннің сабақ кестесін айту.
І топ Қазақ тіл тобы – дүйсенбі
ІІ топ Орыс тіл тобы - сейсенбі
ІІІ топ Математика тобы - сәрсенбі
2. Осы сабақтарды өту, меңгеру үшін бізге не керек? Әрине, оқулықтар керек.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Оқулықтар туралы слайд көрсету.
2. Сөздікпен жұмыс:
Алдым – взяль (- а)
Жыл соңында – в конце года
Тапсырамын – сдаю
Есеп шығару – решать задачу
А) Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталап айтады. Жаңа сөздерден жаңа сөйлемдер құрастыру.

3. Оқулықпен жұмыс. Оқылым: 1, 4, 6 - тапсырма. Оқу, аудару.
Мынау – менің оқулығым. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бізде бүгін төрт сабақ. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі. Менің оқулықтарым әдемі және таза.

4. Постер қорғау.
І топ Қазақ тіл тобы. « Қазақ тілі» сабағын
ІІ топ Орыс тіл тобы « Орыс тілі» сабағын
ІІІ топ Математика тобы «Математика» сабағын постерге түсіріп қорғау.

5. Дәптермен жұмыс.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
1) Мен кітап аламын, оқимын Сен кітап аласың, оқисың
Сіз кітап аласыз, оқисыз Ол кітап алады, оқиды
2) А. с кітап
І. с кітаптың
Б. с кітапқа
Т. с кітапты
Ж. с кітапта
Ш. с кітаптан
К. с кітаппен
3) І ж Менің оқулығым
ІІ ж Сенің оқулығың
Сіздің оқулығыңыз
ІІІ ж Оның оқулығы
4) « Сабақ» сөзін талдау. Са(а. б)- бақ (б. б) екі буын, екі дауысты дыбыс, үш дауыссыз дыбыс.
С - дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан
Б – дауыссыз, ұяң
А – дауысты, жуан
Қ – дауыссыз, қатаң
3. Сергіту сәті.

V. Сабақты бекіту.
1. «Адасқан сөздер» тапсырмасын орындау. Үш топқа жеке - жеке тапсырма беру.
2. Веен диаграммасын толтыру. Оқулықтардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін түсіндіру.
3. Жұптық жұмыс.

VІ. Сабақты қорытындылау:
Сұрақ - жауап:
1. Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Қандай оқулықтар бар?
3. Қазақ тілі сабағында не істейміз?
4. Орыс тілі сабағында не істейміз?
5. Математика сабағында не істейміз?
6. Оқулықтарды қалай ұстау керек?

VІІ. Үй жұмысы: 6 - тапсырма. 210 - бет. Жұмбақ - өлеңді жаттау.
VІІІ. Бағалау.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы
№32 В. В. Маяковский атындағы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мықтыбекова Фатима Жексенбекқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама