Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алтын күзде қонақта
Алтын күзде қонақта
Безендіру: Музыка залы екіге бөлінеді. Бір бөлігі мерекеге сай безендірілген, екінші бөлігі орман бейнесінде.
Мақсаты: Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Батпақ қыз, Алтын күз, Ханшайым
Керек құрал - жабдықтар: Ағаштар, ойынға керек заттар, жапырақтар, көкөніс салынған суреттер және жемістер.
Балалар залға музыкамен кіреді, жартылай шеңберге тұрады.
Жүрг:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
Жүрг:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады
Өңі тайып
Дала нұры қашады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы: Күз мезгілінде болады.
Жүрг: Күз мезгіл туралы қандай ән білесіңдер?
Балалар жауабы: «Күзгі жапырақтар» әні
Жүрг: Олай болса балалар «Күзгі жапырақтар» әнін шырқап жіберейік.
Ән: Даярлық топ «Жаңбыр»
Ересек топ «Күзгі жапырақтар»
Жүрг: Өлең - тақпақта бар емес пе?! Келіңдер ортаға....
Тақпақтар:
Жүрг:.(Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар күн бұлттанып, жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбыр мен бірге нұр келер.
(Жауған жаңбырдың дыбысы естіледі.)
(Ортаға Батпақ қыз шығады)
Батпақ қыз: Тамаша - тамаша, құй жаңбыр - құй.(Балаларды көріп тоқтай қалады да) Мында не істеп жүрсіңдер, бар - бар кетіңдер, әйтпесе үстеріңе батпағымды шашамын(қолын көтеріп, шашпақшы болады).
Жүрг: Балалар мынау кім болды. Бізді көріп ашуланып қалды ғой. Балалардың жауабы: Білмейміз, танымаймыз.
Батпақ қыз: (Көзін алайтып, таңдана) Мені танымайсыңдар ма, мен жаңбырдан кейін бүкіл жолда шалқайып жатамын ғой. Сендердің аяқ киімдеріңе жабысамын.
Жүрг: (Батпақ қызда айналып жүреді де) түсінбедім, жаңбырдан соң жолда не болушы еді. (Балаларға сауал қою, балалар батпақ екенін шешпесе, жүргізуші көмекке келеді.)
Батпақ қыз: (Екі қолын беліне таянып). Иә - иә, бұл мен Б А Т П А Қ ҚЫ З Б Ы Н. (кір қолымен балаларды ұстағысы келеді).
Жүрг: (Оны тоқтатып) Батпақ қыз, қолың неге кір. (балалардан сұрайды) Балалар кір қолмен жүруге болама, неге болмайды? (Балалардың жауабы)
Батпақ қыз: (Желкесін ұстап) А - а - а, мұнтаздай таза болып жүру үшін не керек.
(Балалардың жауабы)
Жүрг: Дұрыс айтасыңдар балалар. Батпақ қыз өнерлі бала. Бізде аз емес, кәне «Қолшатыр» биін билеп жіберіңдер ұл - қыздарым.
Би «Қолшатыр»

Жүрг: Батпақ қыз қамықпа, сізге түсінікті болу үшін балалармен бірге «Керек затты тап» деген ойын ойнап жіберейік..
Ойын: «Керек затты тап»
Шарты мынадай: Балалар үстел үстіндегі заттар арасынан тек тазалыққа керек заттарды таңдап алулары қажет.
Батпақ қыз: (Қуанып) Енді түсіндім, ал өздерің нені тойлап жатырсыңдар? (Балалардың жауабы)
Жүрг: Иә, иә. Біз «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.
Батпақ қыз бізбен бірге бол. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар
Ән: Даярлық топтың қыздарының орындауында «Жау, жау жаңбыр».
Алтын күзде қонақта. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама