Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күз ханзадасы мен ханшайымы
Күз ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру, тақпақ, жұмбақ айтып байланыстырып сөйлеу әдістерін үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған плакаттар, балалардың басына киген атрибуттар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біздің №31 «Күншуақ» балабақшасының «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық! – дей келе алдарыңызға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді шақырайық:
1 — номерде: Ізтілеу Раушан - Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы
2 — номерде: Абдолла Жангүл - Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы
3 - номерде: Орнова Зағипа - Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы
4 - номерде: Садуақасова Еркеназ - Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы
5 - номерде: Мұхит Айым - Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы

Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер енді осы сайыскерлерімізді сараптайтын сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Тажиданова А. А
2. Балабақша әдіскері: Ямалетдинова Ж. Ю
3. Балабақша логопеды: Ғалия Утеуліқызы
4. Ата – аналар комитетінің төрайымы --------------
Сайыскерлерге шарттарымызбен таныстырып өтейін:
1шарт «Менің ата - тегім» Таныстыру
2шарт «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету еркін тақырыпта
3 шарт «Күзгі натюрморт» Көкөніс пен жемістерден салат жасап әкелу, салаттын жасалу жолдарын түсіндіру.
4 шарт: «Сән үлгісі» Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау
5 шарт: «Көрме» Үй тапсырмасы ата - анамен бірлесе күз мезгіліне арналан көрме
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымызды.
1 -— номерде: Ізтілеу Раушан - Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы
2 — номерде: Абдолла Жангүл - Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы
3 - номерде: Орнова Зағипа - Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы
4 - номерде: Садуақасова Еркеназ - Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы
5 - номерде: Мұхит Айым - Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы

Жүрг: Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Ендігі кеэекте ортаңғы топтың қыздарын «Қолшатыр» биімен ортаға шақырайық
Өнер жаста жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, биді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың екінші шарты бойынша сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Күз ханзадасы мен ханшайымы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама