Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ана - тілім ардағым
Тақырыбы: Ана - тілім ардағым
Мақсаты: Балаларға ана - тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру.
Дамытушылық: Өзінің ана - тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой - өрісін, сөздік қорын дамыту.
Шаттық шеңбер:
Сәлем, Алтын күн!- Здраствуйте золотая солнце!
Сәлем, Көк аспан!- Здраствуйте золотая небо!
Сәлем, Туған жер!- Здраствуйте родина моя!
Сәлем, Алтын күз!- Здраствуйте золотая осень!
Сәлем, Досым!- Здраствуйте друзья!
Hello - gold
Hello – blye sky
Hello - my mother
Hello - gold avtumn
Hello – my f riends
Балалар қызығушылық танытып үш тілде шаттық шеңберді орындайды.
Ән ұран:
Жарайсыңдар балалар! орындарыңызға отырып жайғасыңдар.
Сұрақ – жауап:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар?
- Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
- Дұрыс айтасыңдар балалар!
- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Елбасшымыздың аты қалай аталады?
- Балалар біздің тіліміз қандай?
- Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!

Педагог: Тіл туралы, рәміздер туралы мағлұмат береді.
(Балалар электронды тақтаға назар аударады)
Балалар біздің Қазақстан кең байтақ елді алып жатыр. Қазақстан көп ұлтты мемлекет қараңдаршы балалар, Орыс, Ұйғыр, Тәжік, Әзірбайжан, Украйн ұлтты өкілдері тұрады. Балалар 1997 жылы. 22 - қыркүйекте Қазақстан Халықтарының Тілдері күні деп жарияланды.
Көрініс: « Ең қымбат қазына»
- Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі би, шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына айтқан екен.
- Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам, әкем қазына қалдырмады деп, өкпелеме. Ел ішіне қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле.
- Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп, табанынан таусылып, таба алмайды. Бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
- Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
- Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы - тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ деген екен.
Билингвальді компонент: Ана тілі – родной язык

Сергіту сәті:
Ұлдармен қыздармыз,
Доп сияқты секіріп.
Аяқпенен топылдап,
Қолымызды соғамыз.

Мальчики, и девочки,
Прыгают как мячики.
Ручками хлопают,
Ножками топают
Girls and boys
J ump as balls
Their hands theu clap
Their feet theu ctamp
(Осы сәтте есік қағылады, сәлемдесіп ішке тілмаш кіріп келеді ).

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Здраствуйте, ребята?
- Gud moning, children?
- Сәлеметсіңдер ме? балалар. Мен тілмашпын, менің атым Мария. Сендердің балабақшаларында, тіл мерекесіне орай, ашық оқу іс - әрекеті болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім.
- Мен сендермен танысқым келіп отыр, кәне танысып отырайық? - Үш тілде балалардың аттарын сұрайды.
- Сенің атың кім?
- Как тебя зовут?
- Yat is ty nem
- Ал сенің атың кім?
- Как тебя зовут?
- Балалар сендермен танысқандарыма өте қуаныштымын, қандай сендер әдемісіңдер, топтарыңда қандай әсем.
Педагог: Тілмаш сіз алыс жолдан шаршап келген боларсыз, төрлетіңіз, жайғасыңыз.
- Балалардың тіл мерекесіне арналған тақпақтары бар. Олай болса тамашалаңыз.
Тілмаш: - Балалар сендер тілге байланысты мақал - мәтел білесіңдер ме? Ендеше тіл туралы мақал - мәтел айтып білесіңдер ме?
- Жарайсыңдар, балалар!
Тілмаш: Балалар мен сендерге әкелген ойыным бар

Д/О: «Сиқырлы сандық».
м/ы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
ш/о: Сандықтың ішіндегі ойыншықтарды, қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде атау.
Балалар жарайсыңдар. Мен сендермен қоштасатын кез келді. Балалар сендерге өте риза болдым, сендер білімпаз балалар екенсіңдер?
Педагог: Тілмаш, сізгеде рахмет! біздің балалар үш тілді меңгерді.
Тілмаш: Сау болыңыздар! Досведание! God bye!
Ән: Ананың тілі.
Ән ұранды педагогпен бірігіп орындайды.
- Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілі үш айдан тұрады
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Ауа - райы салқындана түседі, жиі жаңбыр жауа бастайды, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар жылы киіне бастайды
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Ұлтымыз қазақ.
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақ тілі.
Балалар рәміздер туралы электронды тақтадан әңгімелеп береді.
Балалар көріністі қызығушылық пен орындайды.
- Сәлеметсіз бе?
Менің атым Ақжан
Меня зовут Акжан
my nem is Agjan

Менің атым Әсия
Меня зовут Асия
my nem is Asia
Балалар тілмашпен танысады,
үш тілде аттарын атайды.

1 - бала. Сүйесің Отан анаңды,
Сүйерсің ана - тіліңді.
Қадірлесең қалқыңды,
Білесің ана - тіліңді.

2 - бала. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.

3 - бала Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана – тілім сақтаған.
4 - бала. Ана – тілім тірегім,
Ана - тілім жүрегім
Қасиетті елімнің,
Тек өзім деп білемін
- Ия, білеміз.
1 - бала Шебердің қолы ортақ,
Шешенің тілі ортақ.

2 - бала. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

3 - бала. Тіл қылыштан өткір
4 - бала. Өнер алды қызыл тіл.
4 - бала. Ақыл көркі тіл,
Тілдің көркі сөз.
5 - бала. Әдептің басы тіл.
Қуыршақ - кукла -
Доп – мячик -
Көлік – машина -
Қоян - қонжық -
Балалар қызығушылық танытып ойнайды
Балалар әнді педагогпен бірігіп, айтады.
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Тілмаш бізге қандай тілді үйретті?
- Тіл мерекесіне орай не айттыңдар?
- Тілмаш бізге қандай ойын алып келді?
- Балалар сендер қандай көрініс қойдыңдар?
- Тілмаш.
Қазақ, орыс, ағылшын тілінде.
- Тақпақтар, мақал - мәтелдер.
-«Сиқырлы сандық» ойынын алып келді.
- «Ең қымбат қазына» көрінісін.
Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Амирова Гүлмира Доғдырбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама