Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Алабас ауылы, Алабас негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Уразаева Акмарал Салауатовна

Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар. Құбылыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Денелер. Заттар. Құбылыстар туралы түсінік беру. Денелердің үш күйде болатыны, және олардың үнемі өзгеріске ұшырайтыны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Адамды қоршап тұрған не?

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Денелер. Заттар. Құбылыстар туралы түсінік беру.
2. Денелердің үш күйде болатыны, және олардың үнемі өзгеріске ұшырайтыны туралы түсінік беру.

Оқулықпен жұмыс.
Оқи отырып, түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. жасау.
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер.
Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Жасанды денелер → Үй, машина, кітап, ғимараттар т. б.
Табиғи дене заттан тұрады. Заттарды қасиеті жағынан айыруға болады.
Жасанды дене (қатты, жұмсақ, тәтті, ащы, т. б.)

Денелер. Заттар.
үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Ол өлі, тірі табиғатта болады. Бұл - табиғат құбылыстары.

Табиғат құбылыстары

Адам, өсімдік, жануардың
Таңның атып, кеш батуы тіршілігі
Жауын - шашын, қар, боран
Қардың еруі, судың жер бетін шаюы т. с. с.

Жаз айларындағы өздерің байқаған құбылыстар туралы әңгімеле.
Суретте берілген құбылыстарды ата. Бұл құбылыстар қай уақытта болады?

Адам табиғат құбылыстарын игеріп, өзіне бағындыра алады. Мысалы:
Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажеттіліктеріне пайдалана білді?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама