Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Анамызға мың алғыс

Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Балалар, бұл кім деп ойлайсыңдар? АНА! (балалар «АНА» сөзін алып шығады.)

Құрметті аналар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға арналған «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Би: «Мама»
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Бал бөбегін баптаған
 Мамам үшін мақтанам
 Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.
2. Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
 3. Мәпелейсің мені анам,
 Қолыңдағы құсыңдай
 Құлпыра өсіп дем алам
 Құшағыңда қысылмай
4. Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен 
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
 5. Аялаған саялаған,
 Бар бақытым берекем
 Апатайым құттықтаймын
 Бүгін сенің мерекең.
Еркелеймін шаттанам,
 Жарқын күлкің бақ маған
 Ақ бетіңнен сүйейін
 Келші, келші ақ мамам

7. Бал бөбегін баптаған
 Мамам үшін мақтанам
 Ақ бетіңнен сүйейін
 Келші, келші ақ мамам.
Әсемгүл жаттау
Хор: «Анамызға мың алғыс» (Аналарға гүл беру)

«Күндерді жина» ойыны:

Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңбер және 10 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.

Асылжан (көркем сөз)
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның – таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?
Мейірім – нұр төгілген
Күн көзіндей жанары,
Ойымды оқып өңімнен,
Дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде

Ойын: «Өз балаңды тап»

Балалар, аналарымызды құттықтадық! Ешкімді құттықтауға ұмытқан жоқпыз ба? (Әсемгүлді құттықтау)
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама