Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Нан дастарханға қалай келеді?»

(Бастауыш сыныптары декадасында өткізілген)
Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс:  тіл дамыту,  бейнелеу,  сауат ашу,  математика
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.
1. Амандасу
2. Сұрақ-жауап. 
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
3. Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
4. - Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп - баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар  орып,  машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады. (элеватор сөзіне тоқталу)
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.
5.Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
6.Сергіту сәтті 
Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн
 Жүргізуге мен дайын
7.Дидактикалық ойын: (тақтамен жұмыс)  «Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Ұн, тоқаш, нан суреттері беріледі. 
8. Айналамен таныстыру әліппе - дәптерінен берілген тапсырманы орындау. Балаларға бидайдың суретін салғызу.
 Жұмбақ жасыру: 
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар.         (бидай)
Бидай - пшеница.
Нан - хлеб;     
9. Мақал - мәтелдер
1.    Нан-тамақтың атасы 
2.Ас - атасы нан 
3Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті 
4    Дастархан көркі -  нан
5    Дастарханында нан жоқтың, Тамағының дәмі жоқ 
10. Тыйым сөздер:
Нанды аяқ астына тастама. 
«Жерде жатқан нанды еңкейіп ал. 
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Нан – Қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды
11. Дидактикалық ойын: «Тез ойла» (Мамандық түрлері атау.) 

 
1. Жерді жыртады. 
Трактор 
2. Егілген дәндерді суарып, күтіп-баптайды. 
Диқаншы 
3. Бидайды орады, бастырады.
 Комбайншылар
  4. Бидайды жылдап сақтайтын жер . 
элеватор
  5. Бидайдан ұн жасайтын адам.
Диірменші
  6  Нан пісіреді.
Наубайшы
  7. Ыстық нан қайда түседі . 
дүкенге
  8. Анамыз ұннан не пісіреді? 
Бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш

 12.Сергіту сәтті
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
  Торғайларға тастаңдар.
13. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. 
- Балалар біз есімізге түсірейікші ақ бауырсақ, тәтті тоқаш, батондар біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өтеді екен?
- Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп, тер төкті, қане есімізге түсіріп атап кетейікші
Тракторшылар, комбайншылар, наубайшы, дүкеншілер
  - Сондықтан қаншама адам күні - түні еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қадірлеуіміз, қасиеттеуіміз керек

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама