Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Анашым мен ақ әжем - 8 наурыз Тақпақтар

8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында сізге арналған тақпақ. Тақпақтың мазмұны 8 наурыз мерекесінің маңызын ашып, көктемнің келуі мен әйелдерді құрметтеудің маңыздылығын баса көрсетеді.

 

8 Наурыз күні келді міне,

Көктем жылуын сыйлаған.

Әйелдерге арналады,

Мейірім мен құрмет қана.

 

Бақыт шуағын шашайық,

Гүлдермен жолдарын басайық.

Өмірдің гүлі, жарығы сіз,

Бүгін сіздер үшін аспан ашық.

 

Әр үйде мереке, күлкі, ән,

Қуанышы мол болсын бүгіннің күні.

Әйел затының қадірін білейік,

Оларсыз өмір сүру мүмкін емес шыны.

 

Сыйлаңыздар гүл, махаббат, ілтипат,

Оларға бақыт сыйлаңыз арқалап.

8 Наурыз - мейірімнің символы,

Құрметтеңіз әрқашан әйелді ардақтап.

 

8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар, халықаралық әйелдер күніне арналған, Балабақшада балалар оқуға арналған тақпақтар. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
1.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
3.
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
5.
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
6.
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
7.
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
8.
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
9.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
10.
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
11.
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
12.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
13.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
14.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
15.
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты
16.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
17.
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
18.
Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама