Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Шовинистердің ұрпағынан басшы сайлап жатырмыз
Мәскеуді фашистерден аман алып қалған екі адам болса, соның бірі Бауыржан Момышұлы екенін қазір әлем тарихшылары толықтай дәлелдейді.
Бір ғана сол ерлігі үшін емес, соғыста көрсеткен қаншама қанкешті ерліктері, қаншама әскерлерді дайындап, оларды рухтандырып, стратегиялық соғыс тактикаларын үйретіп, қаншама Кеңес әскерлерін аман алып қалғаны үшін Баукеңнің көз тірісінде лайықты атақта бермеді. Шенінде көтермеді.
Ол – орыс әлемінің ұстанған шовинистік саясаты!
Кеңестің небір қызыл генералдары тұрғанда, Фидель Кастро арнайы Бауыржан Момышұлымен кездесуге келіп еді. Қазірде әлемнің небір мықтылары Бәукеңді кумир тұтады.
Әлемнің мықты тарихшылары Бәукеңді ұлы қолбасшы Македонский, Бонапарттармен теңдестіреді. Неміс генералдарының естеліктерінде:
Бауыржан Момышұлымен шайқасу – нағыз Шыңғысханмен шайқасу – деп жазған.
Біз не істеп жатырмыз енді?!
Біздің небір мықтыларымыздың көзін жойған, Бәукең секілді батырларды міс тұтпай елемеген шовинистердің ұрпағынан басшы сайлап, қол шапалақтап қуанып қолдап отырмыз .
Әруақтар кешірсін бізді ..
Құдабай Қаржау, ФБ

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама