Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Анашым, мерекеңмен!
Анашым, мерекеңмен!
жүр: Сәлеметсіздер ме, ардақты әжелер, аяулы аналар, құрметті әріптестер, қыздар 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз! құттықтай отырып балаларыңыздың сіздерге арналған шағын ән - шашу мерекесін қабыл алыңыздар.

Дүние көркі, мықты еркі ол - Ана
Сәби үшін жұмсар күшін ол - Ана
Мейірім толы, жұмсақ қолы ол - Ана
Биік асқар, ұзақ жасар ол - Ана
би: Өзбек биі қыздарымыздың орындауында
жүр: Әже деген көп шығар
Әжедей адам жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі Қаңдай ғажап күлкісі - деп ортаға әжелерге арналған тақпақтары мен балаларды шақырамыз. Саятжан, Әділхан, МирасН, Дәулет

жүр: Балаларыңыздың дайындаған биін тамашалайық.
Би: Фиксики
жүр: Ақ сүт берген анашым
Ақ сүтіңді ақтармен
Ақыл берген анашым
Күнде сені мақтаймын
Аналарына арналған тақпақтарымен ортада Алтынбек, Бекжан, СанжарБ, Санжар

жүр: Сізге арналады әніміз
Ардақтайтын мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл - қыздарды өсірген
Ұлы - Ана ұзақ өмір сүріңіз - деп ендігі кезек әнге береміз.
Ән: "Ақ мамам"
би: Мединаның орындауында үнді биі

жүр: Кербезденіп сұлу қыздар
Бұндай қыздар Жылыойда бар
Бұратыла билегенде
Бәрі биге таң қалар

Би: Қуыршақтар биі
Бүгін балалар қыздарымыздың да мерекесі олай болса қыздарымызды биге шақырайық.
Би: Вальс биі

жүр: Ақ қалтасын ақтарып
Қос қолымен уыстап
Базарлығым балам деп
Төгіп жатыр бауырсақ
Шай қайнатып келейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем
Менің әжем, ақ әжем
Ұлы мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әже
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман есен жүр әжем
жүр: Ақ анашым аялаған
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде

би: Чунга - Чанга биі

жүр: Аналар қалқып бақыт аралына
Қиындық Қонбасын жанарына
Осыменен ертеңгілік аяқталып
Гүл бітсін бәріңіз қадамыңызға
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Кульчикова Марал Насиповна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама