Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Андрон мәдениеті
Тақырыбы: Андрон мәдениеті
Мақсаты: Қола дәуірінің ерекшеліктерін талдау.
Андрон мәдениетінің ескерткіштерімен танысу
Қазақ жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштерін талқылау
Жалпы мақсат: Тарихи деректерді талдау.
Деректердің маңызын анықтау
Туған елінің тарихын сүю.
Күтілетін нәтиже • Қола дәуірі туралы түсініктері қалыптасады.
• Андрон мәдениеті туралы білетін болады.
Қазақ жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштерін өзге ескерткіштерден ажырата алатын болады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг «Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында өз – өзіне сәттілік тілейді.
Мен ақылдымын!
Мен бәрін білгім келеді!
Мен бәрін үйренгім келеді!
Бүгінгі тақырыпты жетік біліп,
Меңгеру мақсатында «Аптаның 7 күні» ойынын бастаймыз

Білім
Қызығушылықтарын ояту «Миға шабуыл» әдісі
Сонымен балалар аптаның 1 - ші күні дүйсенбі. Бұл бізде «Базарға бару күні» екен. Бұл күні біз қай базарға жол тартар екенбіз. Әуелі соны анықтап алайық. Ол үшін мына контур карта бойынша тапсырманы орындайық. Міне осылайша білім базарына жол ашайық.

Түсіну Топтарға тапсырма беру.
2 - күн Сейсенбі «Кесте толтыру күні. Бос кестені толтыру.

Қолдану
3 – күн Сәрсенбі «Қонаққа бару»күні. Өздерің білесіңдер, балалар, біздің халқымыз өте жомарт, қонақжай халық. Бір - бірімізге қыдыру үшін әрине бос бармауымыз керек және «сыйға - сый» демекші, апарған сыбағаларына тиесілі қонақкәделерін жасаған жөн.
Тапсырма. Постермен жұмыс
Андрондықтардың қыш ыдыстары суретін салып, оны геометриялық өрнекпен безендіріңдер.

Сергіту сәті «Ұлытау биі» атты сергіту жаттығуын жасау

Талдау 4 - ші күн Бейсенбі. «Өз бетінше жұмыс күні»
1/ Андрондықтар баспаналарын қалай тұрғызды тақырыбында әңгіме құрастыру.
2/ / Андрондықтар жертөлесінің ішкі құрылымын сипаттаңдар.

Жинақтау 5 - күн Жұма «Қасиетті күн». Бұл күн оқушылар «қасиетті күн «екендігін еске ала отырып «100 сомың болғанша 100 досың болсын»- деген мақалды пайдалана отырып сабақты қорыту. Осы мақал жайында оқушылардың ойларын білу.
«Андрондықтардың бір күні»

Бағалау 6 - күн Сенбі. Оқушылардың сабақ соңындағы түйінді сөзі. Өзін - өзі бағалау. Бүгінгі сабақ ұнады ма?. Топ жетекшісінің бағалауы.

Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Толепбергенова Арайлым Акаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама