Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Натрий және оның қосылыстары
Химия
Тақырыбы: Натрий және оның қосылыстары
Түйінді идеялар: Натрий жəне оның қосылыстары туралы әңгімелеу.
Мақсаты: Оқушыларға натрий және оның қосылыстары жайлы түсінік беру, оларда химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бейімдендіру, танымдық қабілеттерін арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеумен қатар алған білімдерін бірлескен топтық оқуда, өмірде пайдалануға үйрету болды.
Әдіс - тәсілдер Топтық, жұптық, жеке жұмыс
Күтілетін нәтиже Натрий жəне оның қосылыстарыy білу;
Қосылыстарының формулаларын талдап, басқа күрделі қосылыстардан ажырата алды.
Қосылыстарының физикалық қасиеттеріне назар аударады;
Қосылыстарының химиялық қасиеттерін зерттейді, нақтылы тәжірибелер арқылы қорытынды жасайды;
Химиялық сауаттылықтарын, химиялық тілдерін және химиялық дағдыларын дамытады.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру:
2. Топқа бөлу.
3. Сенемін, сенбеймін
1. Сілтілік металдар бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан (иә)
2. Са сілтілік металл қатарына кіреді (жоқ)
3. Литий қатты металл (жоқ)
4. Сілтілік металдардың валенттілігі бірге тең. (иә)
5. Калийдің реттік нөмірі 39. (жоқ)
Тақырыпты ашу(білу)
ХЭПЖ бойынша Бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан қандай элементтер бар. Соның ішінде натрий элементіне жалпы сипаттама беру.
Мағынаны тану(түсіну)
«Үш қадам» әдісі арқылы топтық жұмыс, кластерлер жасау және қорғау
Сыни сұрақтардың түрлерін қою

Топтық жұмыс(қолдану)
I топқа натрийдің физикалық қасиеттері, алынуы, IІ топқа натрийдің химиялық қасиеттері, ІІІ топқа қолданылуы жайлы мәтінмен таныса отырып ортада басқа топтарға таныстырып қорғау жұмысы беріледі. Оқушылар топта бірлесе талқылап, қорытынды таныстыруларын қағазға түсіріп ортада қорғайды.

ШҚО, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы,
"Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені" КММ - нің химия пәнінің мұғалімі
Айтқұрбанов Мейрамбек Әшімұлы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама