Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау». Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру. Жуан дауысты дыбыстарды ажырату, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Үй жануарларының пайдасын білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреті, тірек сызба, ашық журнал, плакаттар.
Пән аралық байланыс: Дүние тану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Таңдай арайлап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Төрт түлік мал туралы мақал - мәтелдер айту.
2. Төрт түліктің пірлерін ата.
3. Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?

1. Ат - адамның қанаты.

Сиыр сүті тілінде.

Нар - түйеден
Тұлпар - иеден.

Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.

2. Төрт түліктің пірлері:
Жылқы атасы - Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Түйе атасы - Ойсыл қара
Қой атасы - Шопан ата
Ешкі атасы - Сексек ата

3. Жылқы төлі - құлын
Сиыр төлі - бұзау
Түйе төлі - бота
Қой төлі - қозы
Ешкі төлі – лақ.

ІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп бар)
2. Сөз неден құралады? (дыбыстан)
3. Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? (әріппен)
4. Әріп, өзінің айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
(Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Екіге бөлінеді, жуан және жіңішке дауысты)
6. Жуан дауыстылар нешеу? (төртеу)

Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екі топқа бөлінеді. (Тірек сызба бойынша түсіндіру)

Жуан дауыстыларды (а, о, ы, ұ) айтқанда тілдің ұшы кейін қарай тартылады да, үсті сәл көтеріліп айтылады.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.

Деңгейлік тапсырмалар:
І – деңгей
28 - жаттығу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу.
Сүт
Ыстық - ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.

2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама