Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқутыдың тиімді әдістерінің бірі

Каркынбаева Гульмира Ошакбаевна
жоғары санатты арнайы пән оқытушысы
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы  жаңа көзқарасы олардың педагогикалық  өміріндегі қосымша  оң өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік беруде.  Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу,тәрбие үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор.  Жіктеп көрсетуде, біріншіден, білім алушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, білім алушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады. Білім алушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру –ақпараттық қатынастық технологиялардың жетістігі.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге арнайы сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, білім алушылардың дүние танымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін келесідей саралап көрсетуге болады.

1. Білім алушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, білім алушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

2. Компьютермен жұмыс барысында білім алушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Білім алушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін  арнайы  сабақта компьютер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – білім алушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз.  Арнайы сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-  Білім алушының өз бетімен жұмысы;

-  Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;

-  Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

-  Шығармашылық есептер шығару кезінде арнайылық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

-  Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-       Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

-       Білім алушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану  оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Арнайы сабақта ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны арнайы сабақтарында пайдалана отырып, білім алушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйретеміз. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Саналы да сапалы білім алған білім алушы ұлт келешегі.

Білім теңіз, оның тереңіне бойлай жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді білім алушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру - барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар білім алушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге, бұған білім алушыларды тартып, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қою қажет.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама