Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ақпараттық технологияларды cабақтарда пайдалану тиімділігі
Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
«Ақтасты орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекмұратова Дина Мәлікқызы

Ақпараттық технологияларды cабақтарда пайдалану тиімділігі

Адамдардың мәлімет алмасуына, қарым - қатынасына ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпаратты сауатты болып өсу, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар ақпараттық технологияны қамтиды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру белсенділігін арттыра аламыз.
Бүгінгі таңда білім берудің ақпараттандыру формалары мен құралдары, бағыттары өте көп. Олар
- электронды оқулықтар
- мультимедиялық технологиялар
- қашықтықтан оқыту
- телекоммуникациялық технологиялар
Мұғалім сызбаларды, суреттерді, жазушы өмірбаянын көрсетуде, тестерді шешуде электронды оқулықтар мен мультимедиялық технологияларды, интерактивті тақтаны пайдалана алады. Сыныптарда қазақ тілі әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаны қолданып, сабақтарымды өткіземін. Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексереді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану бұл оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, оқушылардың өзіндік жұмыс жүргізу дағдыларын, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады.
Компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаны көрсетеді. Компьютер бір мерзімде топтың не сыныптың білімін тексеруге көмектеседі. Заман талабына сай сабақта қолданылатын электронды байланыс оқушылардың, қызығушылығын арттырып, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматттарды нақтылауға мүмкіндік береді. Білімге қызығушылығын арттырады.
Жеке адам қалыптастырып дамыту және оған жан - жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда:
Кез - келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, нәтиже дұрыс болмайды. Сондықтан да заман талабына сай, мен өз пәнімде, қазақ тілі әдебиеті сабақтарында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолданамын.
Қазақ әдебиеті пәнінен «Ы. Алтынсариннің әңгімелері» тақырыбын өткенде интерактивті тақта арқылы өткіздім.
Тақырыбы: Тәрбие - адамдықтың адамдықтың түп қазығы
Мақсаты: 1) Ы. Алтынсариннің өмірін жазушылық, аудармашылық қызметін оқушыларға түсіндіру.
2) Оқушылардың ой - өрісін, көркем әдеби тілін дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу.
3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Әдісі: Сұрақ - жауап, сатылай комплексті талдау, топтау стратегиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: Слайд, электронды оқулық, интерактивті тақта.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңіл - күйін, сабаққа деген белсенділігін арттыру.
1. Электронды оқулықтан Ыбырай Алтынсариннің портреті, өмірбаянымен таныстыру.
2. Интернет материалдарын пайдаландым.
1. 1 Ыбырайдың балалар әдебиетін ілгері дамытушы екендігін қалай дәлелдейсің?
2. Ыбырайдың аудармашылық қызметі жайлы, аударудағы мақсаты туралы не айтасың?
3. Ыбырай Алтынсарин қызметі туралы не айтасыз?
3. Ал енді балалар, «Ыбырай - шағын әңгіме шебері» деген сөзге назар аударайық.
І. топ «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің мазмұны, осы тақырыптағы әңгімелер, идеясы.
ІІ. топ «Аурудан аяған күштірек» әңгімесінің мазмұны, осы тақырыптағы әңгімелер, идеясы. (әңгіме желісі бойынша видио көрсету, оқушылар өз ойларын айтады.)
4. Осы Ыбырай әңгімелеріндегі нақыл сөздерді табу. Нақыл сөздерді жазады. (интерактивті тақтаны пайдалану)
5. Сатылай кешенді талдау.
6. Топтау әдісі бойынша қорытындылау.
Ыбырай шығармалары - нан нені үйренім

Ақылдылықты
білімге құштарлық
мейірімділікті
(оқушылар сызбаны толықтырады).
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, заман көшіне ілестіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан - жақты интеллектуалдық деңгейі жоғары, технологияны меңгерген шәкірт тәрбиелеу біздің қолымызда.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама