Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Үйшік ертегісі
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Сарыбастау орта мектебі КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Нурбекова Асем Жетписовна

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
Мақсаты: 1. Ертегіні сахналауға үйрету.
2. Достық қатынасты бағалай білуге баулу.
3. Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады.
Жүргізушінің сөзі:
Күн күледі жадырайды,
Құстар келіп сайрайды.
Кел, балалар, келіңдер.
Ертегіге еніңдер.
- Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен. «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.
Орманда келе жатқан тықырлауық тышқан:
Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
Үйшікті көре таңғалып.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Үйшікте ешкім тұрмаған соң тышқан үйшікке кіріп тұрады.
Қоян келеді.
Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын.
Үйшікті көрген қорқақ қоян.
- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын, кел бірге тұрайық.
Тиін келеді.
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын кел бірге тұрайық.
Сұлу түлкі келеді.
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай шу күлкінің.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады.
- Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін, кел бірге тұрайық.
Түлкі үйшікке кіріп өзіне жаңа достар табады.
Көкжал қасқыр келеді.

Мен көкжал қасқырмын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын,
Сайларда жортамын.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады.
- Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін.
- Мен сұлу түлкімін, кел бірге тұрайық.
Осылайша қасқырда дос болып үйшікке кіріп тұрады.
Қорбаңдаған аю келеді.
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас саламын ойланбай.
- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай, әдемі үйшікте кім тұрады.
- Мен тықырлауық тышқанмын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен үлпілдек тиінмін.
- Мен сұлу түлкімін.
- Мен көкжал қасқырмын, кел бірге тұрайық.
Аю денесінің үлкендігіне байланысты үйшіктің есігінен сыймай қояды, үйшіктің терезесінен кіруге тырысады бәрібірде басы кірмей қояды.
Үйшіктің шатырына шығып тұруға тырысады.
Шатырына шыға берген кезде үйшікті құлатып қояды.
Қапаланған аю.
- Үйшіктеріңді құлатып қойдым кешіріңдер.
Достары:
- Қапаланба достым бәріміз бірге үй салайық.
Бәрі бірге:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне,
Сенімді боламыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама