Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Аққала жапсырайық!
Аққала жапсырайық!
Білім беру салалары: "Шығармашылық"
Бөлімі: "Жапсыру"
Мақсаты: Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Ауыз екі сөйлеуін дамыту. Бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың, үшбұрыштардан шыршаның бейнесін құрастыру. Шығармашылық
қызығушылықтарын арттыру, әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, таныстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекті құралдар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаз, үлгі сурет.
Қостілділік компонент: аққала, шырша

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
1. Шаттық шеңбері:
- Бүгін біз бір - бірімізге осы уақытқа дейінгі өзіміз айтып жүрген ғажайып жылы сөздерді сыйлайық. Оны қар кесегін бір - бірімізге ұсыну арқылы білдірейік.

Ұйымдастырушылық ізденіс
2. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Ақпан қыстың қандай айы?
- Балалар, қыста қандай ойындар түрлері бар?
- Енді, мына суретке қарап, қай мезгілге байланысты балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.

3. Ғажайып сәт.
- Ой, балалар, мен терезеден қарасам күн шуағын төгіп, жылынып кетіпті, қарлар да еріп жатыр, бізге аққала қонаққа келе жатыр, ол еріп бара жатырған сияқты (есіктен аққала ренжіп, ішке кіреді).
Аққала:
- Ой, мен еріп барамын, сәлеметсіздер ме, балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар. Балалар, мені өздерің қолдарыңнан жасадыңдар ғой, енді күн жылынып, еріп бара жатырмын, қыс бойы бәріңді қуанттым... - деп, жылайды.
- Сен, аққала ренжіме, саған балалар аққала жасап береді, балалар, аққалаға көмектесеміз бе?
- Балалар, мен терлеп кеттім, сендер мені үрлеп салқандатыңдаршы.
- Рахмет, балалар, мен салқындадым.
- Аққала, сен салқын жерге, асханадағы мұздатқышқа барып отыра тұр, біз саған аққала жапсырып береміз.
- Жарайды, балалар, маған аққала жапсырып, қасына шырша жапсырсаңдар, қуанып қалар едім.
- Балалар, үлгі суретке назар аударайық, мына суретте аққала, шырша бейнеленген. Аққала қандай пішіндерден тұрады, түсі қандай? Шырша ше? Ал, балалар, шаршадық па, олай болса, бойымызды сергітіп алайық.

4. Сергіту сәті:
Шаңғы теуіп, сырғанап,
Аққала біз жасаймыз.
Қар лақтырып, қуанып,
Шаттанып біз ойнаймыз.
Шанаға секіріп, отырып,
Біз сырғанап, аламыз.
- Ал енді, жұмысымызға кірісейік, алдымен бүктелген ақ қағаздан дөңгелектер қиып алуымыз қажет, ол үшін қайшыны төмен ұстап, төртбұрыш қағаздың бұрыштарын қиып аламыз, аққаланың үш бөлігін осы төртбұрыш қағаздарды қию арқылы дөңгелектер аламыз.
- Ал, шыршаны жасау үшін шаршы пішінді жасыл түсті қағаздан үшбұрышты қалай шығарамыз, кім көрсетеді?
- Балалар, мұқият болайық, аққала дәптердің сол жағында, ал шырша оң жағында орналысқан. (Әуен қойылады).

Атырау қаласы,
МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Байбулатова Гулбаршын Жолдыгалиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама