Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жемістер
Жемістер
Білім беру салалары: "Шығармашылық"
Бөлімі: "Сурет"
Мақсаты: Балалардың жемістер туралы білімдерін нығайту. Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға, елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, ұжымдық жұмыс.
Қажетті көрнекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, интеративті тақта.
Қостілділік компонент: жемістер - фрукты, көкөністер - овощи, күз - осень.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
1. Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Ал, енді бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!
Қайырлы таң, балабақша!
Қайырлы таң, достарым!

Ұйымдастырушылық ізденіс
2. Ғажайып сәт: (Әуен қойылады)
- Балалар, сендер жемістер бағына саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше, мен сендерді жемістер бағына, табиғат аясына саяхатқа апарғым келіп тұр (слайд көрсетіледі).
- Балалар, қарайықшы жемістер бағындағы табиғат қандай тамаша! Ауасы қандай таза! Бәріміз осы таза ауамен терең демалып алайықшы. Керемет!
- Балалар, мұнда нені көріп
тұрмыз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Жарайсыңдар, балалар!

3. Тосын сәт: Жылаған дыбыс
естіледі.
- Балалар, мұнда бір дыбыс
естілетін сияқты мынау кімнің
дыбысы?
- Балалар, жүріңдер қарайық,
мына
жылаған дыбыс қардың астынан
шығатын сияқты.
- Қанекей, балалар, көмектесіп
қарды ашайық.
Қардың, жапырақтың астынан
жылап жатқан «Күз
ханшайымы» шығады.
- Мен «Күз ханшайымымын».
Балалар қыс мезгілі де таяп
қалды, мен қардың астында
қалдым. Менің
сендермен қоштасқым келмейді.
- Күз ханшайымы сен мұңайма.
- Балалар, күз ханшайымының
көңіл - күйін көтеру үшін күз
туралы тақпақ айтып берейікші.
- Рахмет, балалар. (көңілсіз
болып күз ханшайымы)
- Күз ханшайымы, сен мұңайып
тұрсын ғой бұл табиғаттың заңы қыс келіп, одан кейін көктем
келеді, содан жаз келіп кеткен
соң қайтадан ортамызға
оралып келесің.
- Балалар, сонда да менің
қоштасқым келмей тұр. Мына
әсем табиғатты сары түске
боялған жапырақтарымды,
жеміс - жидек, көкөністерімді
қимаймын.

Таңданып: - Ой, мына жемістердің суреті қандай тамаша, керемет,
бейнеленген! Маған қатты ұнап қалды.
- Балалар, күз ханшайымының көңілін қалай көтереміз?
- Мен таптым балалар, күз ханшайымының көңіл – күйін көтеріп ренжітпей шығарып салуды. Күз ханшайымына мына жемістер бейнеленген сурет өте қатты ұнап қалды.
Бүгін бізде сурет сабағы ғой.
Сурет сабағын пайдаланайықшы.
- Сурет сабағында біз барлығымыз мына суреттегі себетке жеміс – жидектерді бейнелеп, орналастырамыз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Тамаша!
- Мынау не, балалар?
- Жемістер қай мезгілде піседі?
- Балалар, бүгінгі сурет
сабағымызда
«жемістер» суретін бейнелейміз.
Музыка қойылады.

4. Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Әсем сурет саламыз,
Біз тынығып аламыз.

Атырау қаласы,
МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Байбулатова Гулбаршын Жолдыгалиевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама