Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Аққұс туралы аңыз
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз.
Сабақтың мақсаты: Шығармамен таныстыру. Оқу, мазмұндау дағдыларын қалыптастыру.
Танымын, өнерге деген құштарлығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау.
ә) Назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Әбілқан Қастеев деген кім?
Оның қандай туындыларын білесіңдер?
Оқушылардың Ә. Қастеев туралы жинаған деректерін оқыту.

3. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешкізу.
... қолы көпке ортақ.
Ұстаздан... шәкірт озар.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон....
Ер жігітке... өнер де аз.
Өздерің тапқан сөздер туралы не айта аласыңдар? Берілген мақал - мәтелдерге ортақ ой тауып көріңдер.

- Шәмші Қалдаяқов деген кім? Тақтадан Шәмші Қалдаяқовтың суретін көрсетіп, біраз туындыларын атап өту. Шәмші Қалдаяқов ҚР Мемлекеттік әнұранының әнін жазған да айта кету.
Әнұран тыңдалады.
Қазақ композиторы, ғажайып сазгер Шәмші Қалдаяқовтың Оразбек деген досына айтып берген Аққұс туралы аңызымен танысамыз. Әңгіменің ішкі мазмұнын табуға тырысып көріңдер.
Жаңа мағынаны тану. Оразбек Бодықов Шәмші көз жұмғанға дейін үш жылда қасынан қалмай, қуанышы мен күйінішіне куә болған, сенімді сүйеніші бола білген нағыз жанашыр, айнымас досы. Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Шәмші қазақ даласын әнмен тербеткен. Оның әндерінсіз ешбір мереке, той думан да өтпейтін. Ол өзі өмірден өтсе де артына өшпес із қалдырған қазақ халқының ірі тұлғаларының бірі. Шәмшінің Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі зор. Шәмшінің 300 - ге жуық әндері бар. Шәмшіні қазақ халқы «Қазақ вальсының королі» деп атаған. 1991 жылы оған «ҚР халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Танымдық кезең.
А) мәтінмен таныстыру бір оқушыға оқытып талдау мәтіндегі емес есімдермен сөздік жұмысын жүргізу.
Людвик Ван Бетховен – немістің ұлы композиторы
Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп
Көл тынып – көл тыныш күйге түсті
Аспан егілді – Жаңбыр жауды

Б) Мәтінді тізбектеп оқу. Тапсырмалармен жұмыс.
Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып оқу.
Мәтінді тағы басқа қалай атар едіңдер?
Әннің құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті. Суреттегі құстардың қимылын келтіріп билеу.
«Ел есінен кетпес таңдаулы әндер» өлеңдеріне тоқталу.
Шығармашылық тапсырма. «Шәмші әнінің құдіреті» деген әңгіме құрастыр.

Қорытындылау. «Шәмші» тірек сызбасын толтыру.
Бағалау. Оқушыларға тірек сұрақтар қойып, бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама