Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Топырақ қабаттары
Дүниетану 4 - сынып
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: «Топырақ қабаттары»
Мақсаты: 1. «Топырақ қабаттарының» қасиеттері мен ерекшеліктері жөнінде білу және топырақ қабаттарының суөткізгіштік қасиеттерін анықтау.
2. Оқушыларда ізденушілік, өзіндік жұмыс жасау, шығармашылық қабілетін дамыту
3. Айнала табиғатты қорғау және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Топырақ қабаттарына» арналған слайд, үлестірмелер, суреттер
Қажетті құрал - жабдықтар: Тұрғы, стакан, құйғы, су, топырақ түрлері
Әдіс – тәсіл: «Түстер сыры», «Динамикалық шеңбер», «Еркін талқылау», постер, сарамандық жұмыс.

Жұмыс барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: 1. Қажетті құрал - жабдықтарды даярлау
2. Психологиялық даярлық. «Түстер сыры»
Топқа стикер түстеріне сай бөлінеді. Құмайт, саз, саздау топырақ түрлеріне сай атау алады.
Ой қозғау. «Топырақ қабаттары» тақырыбында оқушылардың білімдерін еске түсіру үшін «Динамикалық шеңберлер» әдісін қолданып, қысқаша баяндаймыз. Ішкі және сыртқы шеңберлер арасындағы жұмыс сұрақ - жауапқа негізделеді

1. Сарамандық жұмыс.
Мақсаты: Топырақ құрамын анықтау
Жұмыс барысы: Құмайт топырақ, саз және саздау топырақ қолданылады Әр топ өз атауларына сай
топырақ түрлерін алады. Топырақтың әр қабаттарынан бір уыстан аламыз. Оған аздап
су сеуіп, алақанға салып, есіп көреміз.
Жұмыс нәтижесі: Әр топтан бір оқушы жұмыс қорытындысын айтады, дәлелдейді.
1. Сазды топырақ қамырша иленіп, есуге келеді.
2. Саздақ топырақтан есілген ширатпа үзіліп қала береді.
3. Құмайт топырақ есуге келмейді. Құмды топырақтың басы бірікпей, қобырайды.
Топтар өзара қалыптастырушы бағалау жүргізеді. ( Бармақпен бағалау)

2. Тәжірибе:
Мақсаты: Топырақ қабаттарының су өткізгіштік қасиеттерін анықтау.
Тәжірибе барысы: Оқушылармен біріге отырып жұмыс жасаймыз. Әр топ өз атауларына сай
жұмыс жасап, жұмыстарын қорғайды.
1. Үш құйғыны үш тұтқышқа бекітеміз. Астына үш стаканды қоямыз.
2. Құйғылардың түбін бір шөкім мақтамен немесе дәкемен бітейміз.
3. Біреуінің ішіне аздап құмайт топырақ, екіншісінің ішіне сол мөлшерде ұнтақталған құрғақ саз,
үшіншісіне саздау топырақ саламыз. Оларды жайлап нығыздаймыз.
4. Енді үш құйғыны да толтырып су құямыз.
Бақылау: Топырақ түрлерінің қайсы түрі суды тез өткізіп жібергенін, қайсысы аз өткізіп, бойына
сіңіріп қалғанын және қайсысы мүлде өткізбейтінін байқап, қорытынды жасау.
Жұмыс нәтижесі: 1. Белгілі бір уақыттан соң құмайт топырақ салған құйғыдағы су түгел ағып кетті.
2. Саздау топыраққа салған құйғыдағы су аздап ортайған
3. Саз топырақтан су мүлдем өтпеген.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалау жүргізеді.
Сұрақ: Топырақ қабаттарының су өткізгіштік қасиеті жайында қандай қорытынды жасауға болады?
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Бір – бірлерінің жұмысымен танысып, ой бөліседі.

Қорытынды.
Өсімдіктің өсуі үшін топырақтың суды сіңіруі және бойында ұстап тұру қасиетінің маңызы зор. Тәжірибеден байқағандай сазды топырақта су сіңбей, кілкіп тұрып алды. Бұл су жылудың әсерінен буланып кетеді. Құрғағанда сазды топырақтың беті қатып қалады. Сондықтан оған өсімдікке қажетті мөлшерде ауа кірмейді. Құмайт топырақ суды жақсы сіңіргенмен, бойында ұстап тұра алмайды. Тез кеуіп қалады. Өсімдіктің өсуіне саздақ топырақ қолайлы. Өйткені саздақ топырақ суды жақсы сіңіріп, оны бойында жақсы ұстап тұрады.
Топырақ қабаттары жайлы слайд көрсетіліп, оқушылар өз ойларын қорытындылап, өздері пікірлеседі

Үйге тапсырма беру. 1. Өздері тұратын жердің топырақ қабаттарын анықтау
2. Үй жағдайында тәжірибе жасап көру.
Оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама