Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақша. Монета
Сабақ тақырыбы: Ақша. Монета.
1 сынып
Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1. 1. 3. 6. 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып қажетті соманы жинақтай алады.
Бағалау критерийі
 Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жұмсауға үйренеді.

Басы
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.
Ішінде теңге монеталары (1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмке алып, монеталар дыбыс шығаратындай сөмкені сілкіп қағу.
- Мына сөмке ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
- Ақша деген не?
- Ақша не үшін керек?
- Номиналдық құны бойынша қандай монеталарды білесіңдер?
- Номиналдық құны бойынша ең кіші монета қандай?
- Номиналдық құны бойынша ең үлкен монета қандай?
- Номиналдық құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан артық?
- Номиналдық құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан кем?
- 10 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?
- 10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?

Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір монетадан алғызып. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлу.
1. 2 тг
2. 5 тг
3. 10 тг
4. 20 тг.

МК
Ресейдің ақшасы «рубль» деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы қалай аталады?
Теңге туралы түсінік.
Оқушыларға тақтадағы монеталардың суретіне қарауды ұсыну. Түсі, өлшемі мен пішіні жағынан әртүрлі болатынын айту.
Ж: Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз нені қолданамыз?
Оқушылардан оқулықтағы суретке назар аударуын ұсыну және әмияндағы ақшаның санын салыстыруды сұрау. Оқушылар санау арқылы әмияндағы монета сандарының тең екенін анықтайды. Монеталардың құнына қарап салыстыруды ұсыну.

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Қазан ауылы, Қазан жалпы негізгі білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева Жулдыз Сазанбаевна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Ақша. Монета жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама