Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Үздіксіз ұстаз бәйгесіне
Сабақтың тақырыбы: Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
4 сынып
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру.

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар білуге тиісті: Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырып мазмұнын түінуі тиіс
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Автордың өзге де шығармаларын.

Басталуы
“Ашық микрафон” әдісі. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Жұмбақ жасыру
Бір шар бар кіріп - шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы жоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Етті - секер, сүті - тәтті. (Қауын)
Бау - бақша күтуші, баптаушы адам. (Бағбан)
І топ: Қауын ІІ топ: Бағбан ІІІ топ: Қарбыз

Ортасы
Бүгінгі ертегінің авторы Жолтай Әлмашев туралы дарынды оқушыларға интернет желісінен қарап келуге тапсырма берілген автор туралы қысқаша мәлімет айтады(Дарынды оқушы Мади)
Ертегінің авторы Жолтай Әлмашұлы (1957 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген) - жазушы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, үкіметтік басылымдардың бас редакторы. Оның «Оянған өлке», «Біздің команда», «Жетім жұлдыздар», «Күлкі мен жас» атты шығармалары бар.

Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар өздері оқиды
«Миға шабуыл»(әдіс) топпен жұмыс
1 - Қауын тобы Қауын мен қарбыздың достығы.
Қауын мен Қарбыздың шешімі.
2 Қарбыз тобы Атайдың Қауынды тауып алуы.
Қарбыздың мұңы, жалғызсырауы.
3 - Бағбан тобы Баланың Қарбызды тауып алуы.
Атаның дәндерді егуі, Көпті көрген ата.
«Эссе» немесе «Еркін әңгіме» әдісі бойынша Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10 - 15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді.

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
А. С. Макаренко атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ
бастауыш сынып мұғалімі Талдыбаева Асел Нурбаевна
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама