Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақшаны қалай табуға болады?
6 сынып
Тақырыбы: Ақшаны қалай табуға болады? (Танымдық сабақ)
Мақсаты:
● Оқушылардың ақша тақырыбында өтілген материалдарды қайталау және толықтыру.
● Мектеп оқушыларына ақшаны қандай еңбекпен келетіндігін түсіндіре отырып, оларға ойын жүзінде көрсету.
● Оларды еңбекке баулу, және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ақшаның суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі.
6 - сынып оқушыларын 3 топқа бөлу, топтарға топтың атын беру.
I топ: Теңгелер
II топ: Долларлар
III топ: Евролар

1 - тапсырма:
Білгім келеді, қорқыныш, қуаныш, таң қалу, жаңалық, тітіркену, қызығушылық,
Осы сөздердің ішінен өздеріңнің жандарыңа нақты уақытта қай сезім жақынырақ екенін көрсететін сөздерді таңдаңдар және неліктен екенін қысқаша түсіндіріп берсеңдер.
Мұғалім сөзі: сендердің бұл жағдайларың маған түсінікті себебі сендер бүгінгі жиынымыз не туралы болатынын білмей отырсыңдар.
Тақырыпқа кіріспе:
Назарларыңды тақтаға аударсаңыздар! (Ақшаның суреттері бар слайдтар шығады)
Ал енді бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы: - ақша)
Дұрыс айтасыңдар бүгін біз ақша туралы алған білімдерімізді толықтырып және ақшаны қалай табуға болатыны жөнінде мәлімет аламыз.
Яғни бүгінгі мектебіміздегі 6 - сынып оқушылар арасындағы мектепішілік іс - шарамыздың тақырыбы: «Ақшаны қалай табамыз?»
Ең алғашқы сұрақ – сендер «ақша» деген сөзді естіген кезде сендердің көз алдарыңа не елестейді және ақша сөзін қандай сөздермен байланыстыра аласыңдар?
Ақша

Тыныштық---қорқыныш
молшылық----жоқшылық
мүмкіндік----таршылық
кек------қайырымдылық


Ал балалар қалай ойлайсыңдар мен неге осы сөздерді екі бағанға бөліп жаздым бұл бағандағы сөздерді қалай екі топқа бөлуге болады?
(Оқушылар жауабы: жақсылық пен жамандық)
Ақша адам өмірінде адаммен бірге егіз жүреді. Егер де сіздер ақша тек қана үлкен кісілердің өмірінде қиындық туғызады деп ойласаңыздар, онда қателесесіздер. Ақша жөніндегі қиындық бұл кішкене балалардың өміріне де тікелей байланысты болып келеді. Қоғамда мынадай ой қалыптасқан: егер де үлкендерде ақша көп болса, онда сол отбасындағы кішкене балалардың мүмкіндігі де көп болады. Қазіргі таңда, нарық заманында кез келген жасөспірім біледі, адамның барлық құндылықтары, қажеттіліктері тек ақшамен ғана өлшенеді.
2 - тапсырма:
Ми шабуылы ойыны:
Нарықтық экономика қазіргі таңда проблемаларды көбейтті. Ендігі кезекте осы проблемалардың бірнешеуін қарастырып көрейік. Сол себептен мен сіздерді 3топқа бөліп тастадым. Әр топта алдарыңызда қағаз беттерінде тапсырмаларды орындаймыз.
Сіздерге тапсырма қысқа мәтін жазылған таблицамен танысып, сондағы проблемаларды оң жақтағы қорытындымен сәйкестендіріп, соған түсінік бересіздер.

Қысқа мәтін
1 Аулада кішкене балалар ойнап жүр. Өркен байқамай Самалдың жемпірін бүлдіріп алды.
● Сен не істедің,- деп айқайлады Самал.
● Кешір мені, мен байқамай тиіп кеттім,- деп дауысын жай ғана шығарды.
● Маған бұл жемпірді әкем алып берген еді 2500 теңгеге,- деді Самал
Отбасында тек қана ақша қағидасы қалыптасқан.
2 Отбасында қиындық туындаған 9 жасар Алтынай алладан сұрап отыр:
«Е алла тағала, менің отбасыма сеннен ақша сұраймын тек жай ғана емес, анама дәрі - дәрмекке, ол дәрілерін ішіп тезірек ем алып ауруханадан шығып, үйге қасыма келеді. Содан кейін әкеме тұрақты жұмыс тауып берші. Ең соңғысы, сыныптағы Әсел мен Жанар менімен дос болса, олардың ойынша байлар байлармен, кедейлер кедейлермен дос болуы керек, солар басқаша ойлайтын болса.» Ақша бір қоғамның бөлінуіне ықпал етеді.
3 Екі құрбы әңгіме барысында бір біріне шағымданып отыр:
● Үлкен балама үй сатып алып беру керек еді, бірақ бізге ұнамайтын жерлерден ұсынып отыр. Мен екі жыл бұрын осы пәтерді алған кезімде жолым болды бағасы да қол жетімді және көлік те ала алдық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама