Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мәтін. Мәтіннің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйретті, олардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту
2. Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Мәтінді зерделей білуге, құрауға дағдыландыру. Таза, ұқыпты, тиянақтылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, улестірмелер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.

Күн реті. Көркем жазу.
2. Үй тапсырмасы: «Күзгі дала»мәтін жазу.
3. Топтастыру. Мәтін туралы
4. Түсіндіру.
5. Білімдерін жүйелеу.
Мәтін дегеніміз - мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтіннің түрлері.
Негізгі ой.
Мәтіннің құрылымы.
Тақырыбы.

1. Әңгімелеу мәтіні.
Сұрағы: Не істеді?
Тірек сөздері - етістіктерден болады.
(жүгірді, секірді, ойнады, ойнап жүр т. б)

2. Сипаттау мәтіні.
Сұрағы: Қандай?
Тірек сөздері - сын есімнен болады.
(түр - түсін, сынын, сапасын, қасиетін)

3. Пайымдау мәтіні:
Сұрағы: Неліктен?
Тірек сөздері: Өйткені, біріншіден, екіншіден, себебі т. б
1 тапсырма. Салыстыр қайсысы мәтін:
1. Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл - хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді.
2. Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.
2 тапсырма.
Сурет бойынша ертегі құрау. Түлкі мен қарға.
3 тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Мәтін құрау. Топ - топпен.
4 тапсырма.
Ол іннен басын қылтитып, тасбақаға:
- Рақмет. Маған ін қажет емес. Өз інім өзімде, деп тасбақа қабығын жамылып бұға қалды.
Тасбақа мен тышқан келе жатып.- Інге кір. Мұнда қауіпсіз, - деді. Олар түлкіні көріп. Тышқан ініне кіріп кетті.
Сергіту сәті.
5 тапсырма. Кітаппен жұмыс. 47 бет 8 - жаттығу.
«Түлкі мен құмыраға»жоспар құру.

6. Сабақты бекіту:
Сөзжұмбақ.
1. Мәтіннің түрін ата.
2. Тірек сөздері етістіктен болатын мәтіннің түрін ата.
3. Қандай сұрағына жауап беретін. Ол...
4. Мәтіннің құрылымы.
5. Пайымдау мәтінінің сұрағы.
Бүгін не білдік? Сұрақ - жауап.

7. Үйге тапсырма
228 - 229 бет «Жеті шал» жоспар құру.
8. Бағалау. Басшылар бағалайды.
Сабақтан алған әсерім. Кесте толтыру, сызу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама