Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақтан жырау. «Он жаман»
Астана қаласы,
№53 мектеп - лицейінің музыка пәні мұғалімі
Қаракеева Зәкира Құрманбеккқызы

Музыка сабағы 5 сынып
Тақырыбы: Ақтан жырау. «Он жаман»
Сабақтың типі: Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ
Мақсаты:
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Білімділік: «Он жаман» термесімен танысу. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Дамыту: Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту. Тұлғаның шығармашылығы мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларымызды ұлттық өнерімізге деген қызығушылығын ояту, ата - бабамыздан қалған асыл мұрамызды құрметтеуге, көздің қарашығындай сақтап қадір тұтуға, қайта жаңғыртып дәріптеп отыруға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін - өзі тану, тарих.
Көрнекіліктері: компьютер, слайд, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспап, оқулықтар.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушы назарын сабаққа аудару.
Білу 1. Ақтан жырау шығармашылығы жайында мағлұмат беру
2. Ақтан жыраудың «Он жаман» термесімен оқушыларды таныстыру.
3. Ақтан жыраудың
«Он жаман» термесін үнтаспадан Елдос Емілдің орындауында тыңдату.

4. «Он жаманды» оқушылармен бірге орындау
Түсіну
1. Ақтан жырау кім?
Ақтан жыраудың «Он жаман» термесінің өмірде қандай тәрбиелік мәні бар? Бүгінгі өмірмен салыстыру.
2 «Он жаманның» ізімен оқушылар өз ойларын өлеңмен өрбіту..
3 АКТ пайдалану. Ақтан жыраудың «Он жаман» термесінің ізімен құрастырған термесін орындату.

Жинақтау
Ақтан жырау бүгінгі күні өмір сүрсе, қазіргі заманды көрсе, бізге қандай насихат айтар еді?- деп ойлайсыз деген сауал қою арқылы балалардың ойын жинақтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама