Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Ақтөбе облысының географиясы» таңдаулы курсының бағдарламасы
«Ақтөбе облысының географиясы» таңдаулы курсының бағдарламасы

Түсінік хат
Курстың мақсаты: оқушылардың өз облысының жер - су, елді мекендерін, табиғи қазба байлықтарын, олардың сипаттарын, облыс экономикасында елеулі маңызы бар өндіріс, шаруашылық орындарын, оқу - ағарту, мәдени салалар жүйелері жайлы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
1. Оқушылардың өз елінің, жерінің табиғатын оқып - үйрену география пәнінен алған білімдерімен байланыстырып, ғылыми ойлау дәрежесін дамыту:
2. Өз бетімен шешім қабылдап, өз ойын дәлелдей білу;
3. Өмір құбылыстарына құқықтық баға беру;
4. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыра отырып, энциклопедиялық, статистикалық, картаграфиялық деректерді, ғаламтор жүйесінен алынған ақпараттарды өз бетімен өңдей білуге дағдыландыру
Курсты жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындап өз білімдерін тексереді.
Курстық нәтижелігін бақылау формалары:
Курсты қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: рефераттар жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну, тест жүргізу және т. б

Курс мазмұны
8 сынып
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
Кіріспе (1 сағат)
Ұйымдастыру жұмыстары.
І - бөлім. Ақтөбе облысына физ - географиялық шолу 23 - сағат
Ақтөбе облысы Қазақстан картасында, Ақтөбе облысының тарихы, географиялық орны, жер бедері;
№ 1 сарамандық жұмыс
Кескін картаға Ақтөбе облысының жер бедерін түсіру
Климаты, радиациялық баланс, ауаның температурасы; атмосфералық жауын - шашын; табиғи Қорлар; Кемпірсай кобальт - никел кені; Мұғалжар металлогения аймағы; Жаңажол, Кеңқияқ, Әлімбекмола мұнай - газ орындары;
2 - сарамандық жұмыс
Ақтөбе облысының пайдалы қазбалар картасымен жұмыс
Ақтөбе облысының су ресурстары, су ресурстарын пайдалану, жер бетіндегі су ресурстары, Өзендері. Елек, Жем, Қобда, Ор. Ойыл, Ырғыз, Сағыз, Торғай
Көлдері, Астаусор, Ащықұдық (Ақтөбе облысы), Ақкөл (Ақтөбе облысы), Ақтасты көлі;
3 сарамандық жұмыс
Облыстың ірілі - ұсақті өзен - көлдерін кескін картаға түсіру
Ақтөбе облысының топырағы, қара топырақты жерлер; қоңыр топырақты жерлер; сұр қоңыр топырақты жерлер; топырақ жамылғысын қорғау жұмыстары; Ақтөбе облысының өсімдік дүниесі; Мәдени және шипалы өсімдіктер; Орман шаруашылығы; Қорғауға алынған өсімдіктер; Жануарлар дүниесі;
4 - сарамандық жұмыс Жергілікті жердің өсімдігінен коллекция жасау.
Ақтөбе облысының топанимі; Ақтөбе облысының экологиялық жағдайы
Ақтөбе облысының экономикасы 10 сағат
Халқы
5 - сарамандық жұмыс
Халықтың өсу көрсеткіші
Экономикасы; Әкімшілік - аумақтық бөлінісі; Оқу - ағарту ісі; Денсаулық сақтау
Байланыс;
6 - сарамандық жұмыс
Әкімшілік - аумақтық бөлінісі кескін картаға түсіру
«Ақтөбе - туған өлкем» презентация жасау
Қорытынды жұмыс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама