Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер
Математика 4 - сынып
Тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер
Мақсаты: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер туралы түсінік қалыптастыру, үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын нығайту; өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, өздігінен жұмыс істеу.
Формасы: Аукцион сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар сынып бөлмесіне музыкамен кіреді, цифрлар алып тұрады. Сол бойынша топқа бөлініп отырады.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, бүгін сабағымызда білім байлығы саудаға түсер – аукцион сабағымызды бастайық.
Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т. б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында өткізіледі.
Аукцион тәртібімен таныс болыңыздар. Әрбір топтың қорында 1400 тг. ақша бар. Бұл - бастапқы капитал. Аукционға есептер сатуға шығарылады. Әрбір есептің бастапқы бағасы - 100 тг. Жүргізуші есепті хабарлаған соң, саудаласу басталады. Қай топ көп ақша береді, сол топтың бірінші жауап беруге құқы бар. Егер дұрыс жауап берсе, топ белгілеген сомасына банк сонша сома қосып береді, ал жауап дұрыс болмаса, топ белгілеген сомасын жоғалтады, яғни өз қорынан алып береді.

Егер топ өзінің барлық ақшасына сұрақ сатып алатын болса, дұрыс жауап бермесе, ол топ банкротқа ұшырайды, яғни барлық ақшасынан айырылады және сол турға қатысады, бірақ жауап беру құқығынан айырылады. Естеріңізде болсын, аукционды жүргізуші мен эксперт тобы өз қаржысынан ойын барысында бір рет бір топқа ақшалай сыйақы бере алады, сондай - ақ, тәртіп бұзушы топқа 100 тг. көлемінде айыппұл сала алады.

Сабақ соңында аукционға қатысушы топтар өз жиған капиталын санап, топта жұмыс істеген оқушылардың жұмысына қарай ақшаны бөледі. Сол бойынша топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Топ басшылары топтағы оқушылардың түгел сабаққа қатысуын қадағалауларыңызды өтінемін. Жүргізуші қалауы бойынша, ең көп капитал жинаған топқа жақсы баға қоя алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама