Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ар – намыс керек адамға
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 9 сынып
Тақырып: Ар – намыс керек адамға.
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Сабақтың мақсаты: «Ар – намыстың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып қиянат жасамау құндылығын ашу.
Міндеттері:
— Адам өміріндегі ар – намыс ұжданның мәнін аша отырып, жақсы азамат болу қасиеттерін түсіндіру;
— Өмірлік әрекетіне, өз мінез-құлқына әділетті сараптама жасай білуге үйрету;
— Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.

1. Үй тапсырмасын тексеру.
Абайдың Отыз алтыншы сөзінен берілген үзіндіні оқу.
• Шығармадан қандай ой түйдіңіз?
• Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық, жамандық дейді?
• «Шын ұят»- деген сөзді қалай түсінесіз?

1. Әңгiмелеу (сұхбат).
Мұғалім сыйы. Балалар мен сендерге сый алып келдім.
«Ақ қаз» ертегісі. (видеоматериал).
1. Ертегі не туралы?
2. Видеобинені көргеннен кейін қандай ой түйдіңдер?
3. Ар – намысқа тырысып қадам басқан кездерің болды ма?
4. Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?

Мектеп: №26 гимназия
Мұғалiм: Жасұлан М. Ж.
Ар – намыс керек адамға жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама