Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
10 сынып
Тақырыбы: Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Мақсаты: Жеделхат, телефонограмма, олардың құрылымдық тілдік ерекшеліктері туралы түсінік
Көрнекілігі: Әдебиет оқулығы
Топқа бөлу: Түстер (ақ, қызыл, көк, сары, жасыл) арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Қызығушылықты ояту
Топтар осы бөліктер бойына жұмыс жасайды.
Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері мен тілдік - құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты келісімшарттың, бұйрықтың, хаттаманың, анықтаманың, жарнаманың, хабарландырудың жазылуы болып табылады.
2. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік - құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты өмірбаянның, өтініштің, арыздың, түсініктеменің, сенімхаттың, қолхаттың, хаттың және оның түрлерінің (ресми, қызметтік, жеке, ұсыныс, сұраныс, шағым, жолдама), адамдар арасындағы өмір дастанның, күнделіктің, жеделхаттың (телеграмма), телефонограмманың жазылу үлгісі бар.

1. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит карточкасы
өтініш
хабарлама
арыз
бұйрық
мінездеме
кепілдеме
кеден мағлұмдамасы
хаттама
жеделхат
жарнама
хабарландыру

Іс - қағаздарының қызметтері:
– жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
– жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
– әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
– мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
– жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
– мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
– тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
– мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
– мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
– саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
– әлеуметтік ( қоғамдық - әлеуметтік қатынастарда);
– ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
– құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
– тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
– ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:
– құжаттарды дайындау;
– құжаттарды жолдау, тіркеу;
– сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
– құжаттарды қолдануға дайындау;
– құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
– құжаттарды мұрағат қорына дайында

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
– мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
– тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
– сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
– терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
– терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
– қалыптасқан мазмұндық - құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

«Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп - гимназиясы» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сейтмаганбетова Шолпан Жугеревна
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама