Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Арайлы - алтын күз
«Арайлы - Алтын күз»
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қабырғаларға жапырақтар мен шарлар ілінген, жоғарыға құс макеттері, жеміс – жидек муляждары ілінген.
Ертеңгілік кейіпкерлері: Бұлт, күн, күз аруы, кірпі. (ролдерді үлкендер ойнайды)

Жүргізуші:
Сарғайды тоғай
Сап - сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті кайтып.
Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын ұя бақшада
Күтіп алар шағымыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?! Бүгінгі «Арайлы – Алтын күз»
атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Баршамыз бір тойлайтын,
Мерекемен жайнасын.
Ән мен бүгін бастайық
Қол соғып бір қоштайық.
Алдарыңызда кішкентай ұл - қыздарыңызды орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!
Ән:
(Жүргізуші балаларға орындықтарға отыруды ұсынады)

Жүргізуші:
Балалар, бізге жел көптеген түрлі - түсті жапырақтар әкеліп тастапты! (жерде жатқан мерекелік залда жатқан жапырақтарға көрсетеді.) Қараңдаршы!
Қазір күз мезгілі екенін білесіңдер, жан - жақтың бәрі алтын сарыға боялады. Ал, балалар, олай болса күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтайық.
1. Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз

2. Көтеріле аспандай
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай
Күміс моншақ шық түсіп.

3. Қайың терек басынан
Сұрғылт тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған
Жел үрсе тек қалтырап.

4. Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Ақ бидайды оратын
Алақай - ау күн жақын.

5. Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға
Тырналар тізіліп.

6. Күзім ау, күзім ау,
Мінезің қызық ау,
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.
Жүргізуші: (Тыңдайды)
Келеді, бізге жүгіріп
Келеді бізге асығып
Кім екен бұл балалар?
Тезірек ол жетсін деп,
Бәріміз бірге бірігіп
Қол соғайық балалар.
(Музыка ойналады, балалар қол соғып, аяқтарымен тапшылайды. Залға жасырынды су сепкіштері бар Бұлт кіріп келеді)
Бұлт:
Бұлтпын, бұлтпын көкпеңбек,
Келдім күзбен жеткіндеп.
Күшім бар менің керемет
Жауамын былай себелеп.

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі
Курманбаева Гульнур Тастановна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама