Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Арайлы күз, алтын күз
Тақырыбы: Арайлы күз, алтын күз
Мақсаты: Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем шарлармен безендірілген зал, слайд. Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін «Арайлы күз, алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
Балалар: - Жапырақтар.
Жүргізуші: Осы жапырақтардың түсі қандай?
Балалар:- Сары.
(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
- Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса - жасыл,
Түссе сары. Бұл не?
Балалар:- Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Жүргізуші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың
өнерін тамашалаңыз.
Хор: «Күзге сәлем»
Жүргізуші: Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте күз, алтын күз, қара күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата (Қыркүйек, қазан, қараша)

Жүргізуші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

Қыркүйек: Мәди
Күз маусымының алғашқы айы - қыркүйек.
Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.
Қойма алтын астыққа толады.

Қазан: Аружан
Күз маусымының екінші айы - қазан.
Бұл ай - жиын - терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне
кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Қараша: Ақтолқын
Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей,
айнала қоңырқай тартады. Ағаш - құрай жапырағынан айырылып, орман –
тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Жүргізуші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Жүргізуші: Кезегімізді мерекелік тақпақтарына берейік:
Әмина:
Жемісті мол теретін
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен, күз деген.

МКҚК «Нұрбөбек» ясли – бақшасының
Өткізген тәрбиеші: Байдалиева. Л. Ж.

Арайлы күз, алтын күз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама