Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Артқа домалап, жауырынға тұру
Сабақтың тақырыбы: Артқа домалап, жауырынға тұру
Мақсаты:
а) Гимнастикалық жаттығулардың бірі, жауырынға тұру техникасын оқушыларға үйрету
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
б) Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту. Буын бұлшықеттерінің қалыпты даму жағдай жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Саб. өтетін орны: Спорт зал
Сабаққа керек құралдар: Гимнастикалық төсеніш, жаттығу түрлеріне арналған слайдтар

І. Ұйымдастыру бөлімі 15 минут
1. Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау
2. Саптық жаттығулар.
3. Жалпы дамыту жаттығуы.
а) жүру, жүгіру жаттығулары
ә) құралсыз орындалатын гимнастикалық дамыту жаттығулары
(Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау. Жаттығуларды қатесіз орындату.)
ІІ. Негізгі бөлім 25 минут
Сабақтың тақырыбын таныстырмас бұрын оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұматтар беріп, жаттығуларды орындату арқылы меңгерту.
1. Оқушылардың өздеріне бұрыннан таныс гимнастикалық жаттығу түрлерін естеріне түсіру.

2. Гимнастика жаттығуының адам денсаулығы үшін қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.

(Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту. Слайдтағы суреттерге қарай отырып тақырыпқа байланысты ой өрбіту. Гимнастика жаттығуы туралы түсініктерін жетілдіру)

3. Халықаралық түрлі сайыстарда гранпри жүлдесін жеңіп алған, көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін таныстыра отырып жаңа сабаққа қызығушылықтарын арттыру
(Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін слайд арқылы таныстыру)

4. Слайдтағы жаңа сабақ бойынша жаттығу түрін оқушылар өздері түсінгенін болжап айту. (Артқа домалап, жауырынға тұру)
Оқушыларға жаңа сабақтың жаттығуының қауіпсіздік ережесін және орындалу техникасын таныстыру.
5. Гимнастикалық төсеніште артқа домалап, жауырынға тұруды сурет арқылы және орындап көрсету арқылы оқушыларға үйрету.
6. Жаңа сабақтағы жаттығуды оқушыларға орындату.

(Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерінің түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау. Көмек беру арқылы жаттығуды орындату)
7. Сергіту сәті:
«Табиғат тіршілігі»
(Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Барлық оқушылардың сергіту сәтіне қатысуын қадағалау)

8. Оқушыларға өз еркімен «Артқа домалап, жауырынға тұру» жаттығуын қайталатып орындату

ІІІ. Қорытынды 5 минут
Сыныпты сапқа тұрғызу.
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Аяқ буындарын жазу жаттығуын жасау.
Сабақ кезіндегі кемшіліктерді оқушыға ескертіп, түзету.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама