Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі , шығармашылығына шолу жасай отырып, өлеңнің тақырыбын
идеясын ашуға жағдай жасау.
Сабақтың тақырыбына байланысты міндет:
1.«Тұлпарым» өлеңін мәнерлеп оқи алады.
2.Өлеңнің идеялық мазмұнын аша біледі.
3.Өлеңнің құрылысына талдау жасай алады.
Сын тұрғысына байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта , маркер , плакат , портрет , қосымша материалдар .
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Стратегиялар Стратегиялар «Ой қозғау», « Терминдер арқылы болжау»,
«Ой толғау», «Әдебиет үйірмесі»
Пәнаралық байланыс : Тарих , география , қазақ тілі .
Пайдаланған әдебиеттер :
1.Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап ) С.Т Елікбаев
2. Тарихи тұлғалар
3. Б.Кенжебаев « Жылдар жеңісі»
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
І. Қызығушылығын ояту сатысы «Ой қозғау», «Кластер»
Сакен Сейфуллин жайлы не білесіздер?
1- топ « Ақынның өмірбаяны»
2- топ « Ақынның шығармалары»
3- топ « Ақынның достары, қоршаған ортасы»
Оқушылар ойы тыңдалады

ІІ. Мағынаны таныту сатысы « Терминдер арқылы болжау»

Суреттер бойынша сіз не ойлайсыз? Өз ойыңызды дәлеліңіз? Өлеңдегі ақынның қозғаған өзекті мәселесі

Темір тордағы ақын бостандықты армандайды

1-2-бағандар бойынша оқушы пікірі сұралады.
- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы ) (суреттер, дыбыс)
- Жоғарыдағы кестенің «Не болды?» бағаны толтырылады, оқушылардың бастапқы пікірі мен өлең мазмұны салыстырылады.
«Әдебиет үйірмесі»
Бейнелеуші: Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?
Дәнекер: Көз алдарыңа кең даланы, жасыл жайлауды елесте отырып қандай әсер алуға болады?
Іздеуші: Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтап, өлеңнің бір
шумағын құрылысына қарай талдаңдар.
Топ пікірлері тыңдалады.

Ой-толғаныс сатысы
Ой толғау.
Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма ?
Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.
Кері байланыс парағын толтырады
Үйге тапсырма:«Тұлпарым» өлеңін жаттау
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама