Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әртүрлі тәсілмен есептер шығару
Мақсаты:
Білімділік: Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды меңгерту. Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: Өз бетімен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық, сұрақ - жауап, іздену.

Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлімі:
- 3 топқа бөлу
- өздеріне берілген топтың атымен танысады.
Психологиялық дайындық.
Математика - ермек емес балалық,
Математика - көрегендік, даналық,
Математика - құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!

І. Қызығушылығын ояту.
«Гиннестің рекордтар кітабынан» диктант
1. Минутпен өрнекте. Ең ұзақ көрінген кемпірқосақ аспанда 3сағат тұрды. Ол Англияда болған.
2. Метрмен өрнекте. Ең биік құйынның биіктігі 1км 528м, бұл құйын Австралияда болды.
3. Метрмен өрнекте. Ең қалың мұздың қалыңдығы 4км 776м.
4. Граммен өрнекте. Ең үлкен қызанақ Америкада өсірілді. Оның массасы 3кг 51г.

ІІ. Мағынаны тану.
Математикалық эстафета.
№2 Теңдіктермен теңсіздіктерде қандай амал таңбасы түсіп қалған.
4 100=500 - 100
1000 - 10=9 100
800 1=700+100
400 - 100=3 100
200+100<100 4="">
80 10=1000 - 910
7 100=800 - 100
400+105600 100

№3(ә) шарты:
Бір көйлек тігу үшін - 4м мата
15 қызға қанша метр мата қажет -?
Шешуі: 15*4м=60м, Жауабы: 15 қызға 60м мата қажет.

№7 Көрсетілген өлшем бірліктерімен өрнекте.
• 1сантиметрдің жартысы - 5 мм
• 1 тоннаның төрттен бір бөлігі - 250 кг
• 1 сағаттың үштен бір бөлігі - 20 мин
• 1километрдің жартысы – 500м
• 1 дециметрдің бестен бір бөлігі - 2см

Қосымша тапсырмалар.
(18+27): 9
(14+21): 7
(15+25): 5
(600+300): 3
(9+12): 3
(16+8): 4
(6+4)*30
(8+2)*50
(30+20)*2

Математикалық теңдеу.
Тақтаға 3 топтан 3 оқушы шығып орындайды.
1. Бірінші көбейткіші белгісіз теңдеу құр.
2. Бөлінгіші белгісіз теңдеу құр.
3. Бөлгіші белгісіз теңдеу құр.
Оқушыларға алдарында тұрған пішіндердің периметрімен ауданың есептеп шығарту. Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, параллепипед

ІІІ. Ой толғаныс.
1. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
2. Бір үйдің 3ұлы бар. 3ұлдың әрқайсысының 1әпкесі бар, 1 қарындасы бар. Бұл үйдің баласының нешеу болғаны?
3. Қандай сан 5 - тен 8 есе көп болады?
4. 5 санын 9есе кеміт
5. 36 мен 4 - тің бөліндісін тап.
6. Қандай санды 7 - ге бөлгенде 8 шығады.
Әр топқа тапсырма
Пішіндерде неше қабырғалары бар?
Оларды қалай атайды?
Неше бұрышы бар?
Пішіндер неге ұқсас

Үйге тапсырма:
Бағалау, мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама