Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Нашақорлыққа жол бермейік!
Нашақорлыққа жол бермейік!
Сабақ мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Нашақорлық дегеніміз не?
● Нашақорлық - заманымыздың дауасыз індеті.
● Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
● Нашақорлық – психикалық ауру.

Жастар арасында есірткі пайдалану етек алып бара жатыр.

Наркоман - “нарке” деген грек сөзінен шыққан.
“Тығын”, “қозғалыссыз”, “ес ауысу” деген мағына береді.
Есірткі заттар адам ағзасының ең кішкентай бөлшегі биомембраналарға әсер етеді.
● Биомембраналар сұйық кристалл түрінде өмір сүреді.
● Есірткі заттар оларға әсер етіп, жасушалардың өлуіне әкеп соқтырады.
● Жасушаның өлгені бүкіл ағзаның өлгені болып табылады.

Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды.
Есірткі зат нашақордың барлық ақыл - ойын билеп алады.
●“Ұрла, өлтір, алда, әйтеуір мені қолға түсір, әйтпесе мен сенің жаныңды қинаймын” – деп жанын қысқанда, ол өзінің не істеп қойғанын білмейді.
● Сондай кезде өзінің туған ата - анасын да құрбан етіп, есірткінің әмірін орындайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама