Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
«Арифметика ғаламшары» \сыныптан тыс жұмыс\
Сыныптан тыс жұмыстың оқу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын математика - жаратылыстану бағытындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы пәндерге қызығушылықтарын арттыру. Алған білімдерін функционалды сауаттылық тұрғысынан кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуіне бағыт - бағдар беру, негіздеу.

1 минут Сәлемдесу
Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс сабағымызға хош келдіңіздер! Бүгінгі жаратылыстану мен математика пәндерінен қосымша жұмыстар сіздерге маңызды, қызықты болады деген ойдамын. «Арифметика ғаламшарына» хош келдіңіздер!
4 минут Тимбилдинг «Тәж»
Нұсқау: Балалар шеңбер жасап тұрамыз. Мен қолымдағы «Арифметика ғаламшарының» алтын тәжін қасымдағы шәкіртіме кигізе отырып, жылы лебізімді бір ауыз сөзбен жеткіземін. Айтылған сөз қайталанбау керек.

Қызығушылықты ояту кезеңі 3 минут
Ойын ережесімен таныстыру
Ойынға 2 топ қатысады. Әр топ 6 ойыншыдан құралады. Ойын барысында әр топ алдыларында жатқан Блумның білім пирамидасын құрастырып шығуы керек. Блум пирамидасы 6 қабаттан тұрады. Яғни, біз 6 түрлі тапсырма орындап, кубокқа ие болуымыз керек. Кубок жеңімпаз топқа беріледі. Сонымен бірге «Райтинг» бағалау әдісі арқылы математикалық қабілеті жоғары оқушыға және жаратылыстану бағытынан ұшқырлық танытқан оқушыға арнайы медаль табысталады.

Мағынаны тану кезеңі
Топқа бөліну, топ ережесін құру.
Нұсқау: Ғаламшар тұрғындары барлығыңызды мына пазлдардан алуларыңызды сұраймын. Осы пазлдар арқылы не істеуге болады? Ой тастайық.
А4 форматтағы пазл қиындысын \суреттерді\ оқушылар құрастыра отырып, екі топқа бөлінеді.

1 топ - «Мәңгілік ел»
2 топ – «Арифметика»
Топтық жұмыс ережесімен екі топ танысады. Флипчартқа іледі.
- топтық ерекшелікті көрсету мақсатында екі топ алдыларындағы арнайы білім мантиясы мен конфедераткасын \білім шапкасы\ киеді.

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі: Ж. С. Нұрмағанбет

Арифметика ғаламшары сыныптан тыс жұмыс. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама