Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сақ мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Сақ мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
а) Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
ә) Оқушылардың өз ойларын айтуға, салыстыра білуге, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
б) Өз халқының, мәдени мұраларын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: топтық және жеке жұмыс, ізденіс.
Пәнаралық байланыс: география.
Көрнекілігі:
1. Б. з. д. VIII - III ғ. ғ Ежелгі Қазақстан картасы
2. Көркем суретті Қазақстан тарихы I - том.
3. Плакат.
4. Суретті карточкалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
a) Сәлемдесу
b) Оқу құралдарын тексеріп түгендеу
c) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Топқа бөлу: «Ханталапай»ойыны. Ойынның шарты бойынша ортаға хан шығып, өз халқына былай дейді: Уа, халқым мен хан болдым мына мені хан сайлаған сіздерсіздер, сол себептен бар мал мүлкімді сіздерге бөліп беремін. Қобдишаға салынған көк, қызыл, жасыл түске боялған асықтарды ортаға шашады. Оқушылар асықты бір - бірден алады осылай көк асық бір топ қызыл, асық бір топ жасыл, асық бір топқа бөлінеді.

1. Сәйкестендіру сұрақтары: Сақтардың орналасу орны; Сақ тайпаларының қоныстануы.
2. Анаграммаларды шешу: Жұптық жұмыс
даитахрагу -________
симотир - __________
ақшыр - ___________
терогод - ___________
бонстра - __________
сагмаетс - _________
кунахс - ___________
фрамано - _________
гапсирагсп - ________
иарнра - ___________
рки - ______________
секөм - ____________

3. Суретті карточкалар: Cақтардың қоғамдық құрылысы жауынгерлер, абыздар, егіншілер - малшылар. (Топпен)
4. Карточкалық сұрақтар: Шаруашылығы мен діни наным сенімдері.
І топ Сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген қанатты 4 пырақ және 4 алтын жебе қандай белгіні білдіреді?
ІІ топ. Неліктен сақтардың діни – наным сенімдерінде мәйітпен қоса, оның дүние - мүліктерін қоса жерлеген?
ІІІ топ. Сақтарда мал шаруашылығының қандай үш түрі болды? Оларды сипаттап жаз.

Сақ мәдениеті. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама