Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ)
Алгебра 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1) Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын білу, осы формулаларды пайдаланып есептер шығара білу;
2) Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын қалыптастыру;
3) Оқушылардың сабаққа өз еркімен араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен жұмыс істей алуы, өзін өзі басқаруына ықпал ету;
Сабақтың түрі: Бекіту.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке - дара жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ноутбук, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қайталау (сұрақ - жауап түрінде)
4. Есептер шығару
5. Деңгейлік тапсырмалар
6. Шығармашылық есеп (логикалық тапсырмалар)
7. Үйге тапсырма
8. Қорытынды. Нені білдің? Нені үйрендің?
9. Бағалау
Қайталау сұрақ - жауап ретінде «Біз нені білеміз?»
Сан тізбегі деген не?
Қандай тізбекті арифметикалық прогрессия деп атайды?
Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды атайды?
Арифметикалық прогрессияның алғашқы N мүшесінің формуласы?
Арифметикалық прогрессияның алғашқы N мүшесінің қосындысының формуласы?
«Ғажайып үштік»
Ұяшық таңдау арқылы есептер шығарту
Мұғалімі: Мейрембекова Фатима Семейкановна
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ) жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама