Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
Физика 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
Оқу мақсаттары: туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату
дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттау
тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;
Сабақ мақсаттары: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне - өзі баға беруге, өзінің жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Бағалау критерийлері тығыздықтың анықтамасын біледі және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар
Масса - Mass - Масса
Көлем - Volume - Объем
Өлшеу - Measure - Измерение
Дене - Body - тело
Тығыздық - Density - Плотность

Сабақтың басы
Сәлемдесу, мақсатқа бағыттау

Сабақтың ортасы
«Тәтті әдісі» топқа бөлу.
Сөзжұмбақ арқылы үй жұмысын тексеру. Қосымша сұрақ Жалпылама сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау:
Масса дегеніміз не? Оны қалай өлшейміз? Қандай әріппен белгіленеді? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?
Көлем дегеніміз не? Ол қандай әріппен белгіленеді? Көлемді қалай өлшейміз? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

проблемалық сұрақ:
Неге көлемі бірдей денелердің массалары әр түрлі?
Ал массалары бірдей денелердің көлемдері әр түрлі? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?
Сонымен, бұл қандай екі шаманың арасындағы тәуелділік деп ойлайсыңдар?
Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан: ағаштан, темірден және тағы да басқа заттардан жасалады. Барлық денелердің өздеріне тән пішіні көлемі, ауданы, массасы т. б өлшемдері болады. Денелердің осындай сипаттамаларын өлшеулер жүргізу арқылы анықтаймыз. Мысалы: дененің масссасын таразыға тартып анықтаймыз. Дененің массасы оның өлшеміне, қандай заттан жасалғанына тәуелді. Мысалы, 1 м темір 1 м қорғасыннан жеңіл, ал 1 м алюминийден ауыр болады. Демек, көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр - жеңіл екендігін анықтай аламыз. Бұдан, заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық шама енгізіледі.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
ρ = m / v m=ρ*V V=abc
тығыздық = масса / көлем
зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде килограмның метр кубқа қатынасы алынған.(кг/м³).
Кітаппен жұмыс. (3 минут оқға беріледі) (оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады)
1. Тығыздық дегеніміз не?
2. Тығыздық қандай шамаға жатады?
3. Тығыздықтың формуласы және өлшем бірлігі
«Ыстық орындық» әдісі
№1 есеп:
Бер: Si: Шешуі:
а=4м
в=2, 5м ρ=m/v V=4м*2, 5м*2м=20м³
с=2м V=abc
ρ=1, 3 кг/м³ m=ρ*V m=1, 3 кг/м³*20м³=26кг
m -?

Мектеп: ЖББ Абай орта мектеп - балабақша кешені
Мұғалімнің аты - жөні: Айтимова З. Н.
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама