Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы
Алгебра 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §11. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы.
Жалпы мақсаты: 1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласын білу;
2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білу, талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқу нәтижелері: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеуді біледі.(барлығы). Арифметикалық прогрессияның қиындығы жоғары есептерін талдап, түрлендірулер арқылы шеше алады. (көпшілігі)
Түйінді идеялар: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Ұйымдастыру 3 минут
Тұсаукесер 4 минут
Тренинг: «Мұзтау».
Сыныпты 3 топқа бөлу. Топ мүшелерін сайлау.
"Ыстық орындық" стратегия бойынша білімдерін тексеру. Формативті бағалау.
1) Сан тізбегі дегеніміз не? Олардың түрлерін ата
2) Сан тізбегінің берілу тәсілдерін ата.
3) Сан тізбегінің реккуренттік тәсілі, аналитикалық тәсілден қандай айырмашылығы бар?
4) Фибоначчи сандарын білесің бе? Ол тізбектің қай түріне жатады?
5) 3; 9; 27; 81;... тізбегі арифметикалық прогрессия бола ма?
6) Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? Мысал келтір
7) Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы қандай?
8) Арифметикалық прогрессия айырымы қандай әріппен белгіленеді және неге тең?
9) Арифметикалық прогрессияның a_13 - ші мүшесі неге тең?
10) Арифметикалық прогрессияның a_201 - ші мүшесі неге тең?
Ауызша тез есепте:
1) a_1=2, d=3 болса, a_7 неге тең? (20)
2) a_4=- 6, a_12=10 болса, d неге тең? (2)
3) a_6=- 2, a_8=6 болса, a_7 неге тең? (2)
Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырма берілді.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының мәнін есептеу формуласы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама