Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
П дыбысы мен әрпі
Ашық сабақ
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Оқытудың нәтижелері: П дыбысы мен әрпі туралы білімдерін толықтырады. Сөздік қорын молайтады.
Негізгі дерек – көздер: видео көрсетілім, оқулық, кесте әріптер, суреттер
Модульдің кіріктірілуі: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Кіріспе 2 минут
Бір - біріне тілек білдіру арқылы жағымды ахуал қалыптастыру
Күлкінің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал ендеше бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме!

Топқа бөлуге нұсқау жасаймын
1 - топ: Көктем
2 - топ: Жаз
3 - топ: Күз
4 - топ: Қыс
Үй тапсырмасын сұрау
Ж дыбысы қандай дыбыс? «Сиқырлы таяқша»ойыны. Ж ж дыбысынан басталатын сөздер жазылған таяқшалар, сол сөзге сөйлем құрастыру. (жылан, жаңбыр, жүзім, жолбарыс)

Мұнайлы ауданы,
№6 жалпы білім беру орта мектебі
Өткізген: Капарова Наурызхан
П дыбысы мен әрпі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама