Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әскердегі ағама. Жаттығу жұмысы
Сабақтың тақырыбы: Әскердегі ағама. Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнын түсініп оқуға, өлеңдегі негізгі ойды ұғына білуге үйренеді..
1. Мазмұнына байланысты: Оқушылардың мәнерлеп оқу машығы қалыптасады. Өлең мазмұнына сәйкес өз ойларын ортаға салуға жаттығады.
2. Сын тұрғысынан ойлау: Өлең мазмұнына байланысты шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаттығулар ұсына отырып, шығармашылық деңгейін дамыту.
3. Топпен жұмыс: Оқушыларды патриоттық сезімге, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, хат, Тірек сөздер, бейне фильм, слайдтар.
Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Ақпаратты коммуникативтік әдістер
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Музыка, Бейнелеу.

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
Әнұранды хормен айту.

II. Үй тапсырманы тексеру: «Кім көп біледі?»
1 Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
2. Не істеді? Не қылды? қайтті сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
3. Қандай? қай? Қалай? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.
4. Қанша? неше? Нешінші? Сұрақтары қандай сөздерге қойылады? Мысал келтір.

III. Ой шақыру: Сөзжұмбақ шешейік:
1. Қораз 1. Әтеш
2. Уақыт мөлшері 2. Сағат
3. Су көлігі 3. Кеме
4. Төрт түліктің бірі 4. Ешкі
5. Қатар 5. Рет
Шешуі: Әскер
- Әскер деп кімді айтамыз?
- Отан қорғайтын 18-ге толған әскерде қызмет етіп жүрген жауынгерді айтамыз.

IV. Мақсат қою кезеңі:
Оянып таң сәріден,
Ол қаруын баптайды.
Соғысты емес, алдымен,
Бейбіт күнді жақтайды. (Бұл кім?)
Бұл - әскер

V. Мағынаны тану:
- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Әскердегі ағама
А) Автор туралы мәлімет:
Асқар Оразақын (16. 5. 1935 жылы туылған, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей - Қаратас ауылы) — ақын. 1961 жылы ҚазМУ - ді бітірген. 1961 - 95 жылдары ҚР ҒА Тарих, этнографиялық және археологиялық институтында, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Мемлекеттік кітап палатасында, "Жалын" баспасында әр түрлі жауапты қызмет атқарды. "Түңғыш"(1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (1975), "Ләйла" (1977), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудай бол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (1991), "Баркөрнеу" (1992), "Орбұлақ" (2000), "Тәуелсіздік тартулары" (2001) атты жинақтары жарық көрді. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады.
Ә) Мәтінмен жұмыс:
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Оқушыларға мәнерлеп оқыту
- Сөздік жұмыс:
Солдат - әскер, жауынгер
Форма - әскер киімі
(Қазақстан қарулы күштері қызметі туралы түсірілген видео фильм көрінісі)
б) Топтық шығармашылық жұмыс:
А тобы: Әскердегі ағаларына хат жазу.
Ә тобы: Әскер аға суретін салу
Б тобы: Әскер сөзіне дыбыстық талдау жасау
Әскер - 5○=2□+3▲
2□(ә, е) д/ы ○
5○=-------------------------; (дауысты, дауыссызды талдау)
3▲(с, к, р) д/з ○
в) Оқулықпен жұмыс:
А тобы: 182 - жаттығу Кісі аттарын көшіріп жазу. Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?
Ә тобы: 183 - жаттығу Бозторғай мәтінін көшіріп жазу. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.
Б тобы: Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімдерді тауып жазу.
Қиын -... қымбат -... терең -... толық -...
Ауыр -... жалпақ -... биік -... алыс -....

VI. Ой толғаныс: а)«Автор үстелі «тапсырмасы:
- Өлеңнің бірінші шумағында не туралы айтылған?
- Екінші шумағында ше?
- Ағасының суретіне қарап не ойлады?
- Ол өскенде кім болғысы келді?

ә) Венн диаграммасы:
Ер, бір отбасы мүшелері
Інісі --------------- Ағасы
Оқушы, ----------- Әскер
Ер бала ----------- Азамат
---------------------- Отан қорғаушы

б). Мақал жарыс ойыны:
1. Отан үшін күрес –(Ерге тиген үлес)
2. Отанды сүю –(Отбасынан басталады)
3. Батыл болмай - (Батыр болмас)

VII. Бағалау парағы:
«5»- қызыл жұлдызша
«4»- көк төртбұрыш
«3»- сары дөңгелек
VIII. Үйге тапсырма: Әскердегі ағама жатта

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама