Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
"Бұқар жырау" Сөйлем
Сабақ тақырыбы: Жырау. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем және оның тыныс белгілері туралы білім беру. Жырау туралы түсінік қалыптастыру.
1. Мазмұнына байланысты: Сөйлем және оның түрлері туралы негізгі білім қалыптастыра отырып, жаттығу барысында пысықтау. Жырау оның мән - мазмұнын терең ұғынып, жыршылар туралы мағлұмат беру.
2. Сын тұрғысынан ойлау: Сөйлемдегі сөздер байланысын сұрақ қою арқылы анықтауға және өз ойларынан сөйлем құрата отырып ой - өрісін мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Топпен жұмыс: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өнерді сүюге баулу.
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру.
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Музыка, Дүниетану.

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
«Жалғасын тап» ойыны:
1. Балалар ойын....
2. Бақта құстар....
3. Жылғалардан су....

II. Үй тапсырмасын тексеру: Ойға шабуыл:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Абылайхан кім?
3. Қазақ батырларын ата, олар не үшін күресті?

III. Мағынаны тану:
А) «Ой шақыру»
Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар,
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы - деп Жыршы - Бұқар жырау жырлаған екен.
Бұқар жырау бұл жырында әр нәрсенің өзіне тән пайдасы бар екенін көрсеткен. Мысалы таудың панасы - ық, сайдың айналасы - тобылғылы, батыр – ел қорғайтыны, шешен би - ел ынтымағын нығайтатыны айтылған.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз үлкен мағыналы ойды ашатын - Жырау мәтінімен танысамыз. Соның ішінде С. Мәуленовтің жырынан үзінді және Бұқар жырау жырынан үзіндімен таныспақпыз.

Ә) Автор туралы мәлімет:
Сырбай Мәуленов -(17. 9. 1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 — 1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ - жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «Көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі Көшербай болысының 6-шы ауылы "Қарақ" деген жері.

Жырау дегеніміз кім?
Жырау

Ақын
Жыр орындайтын адам, орындаушы
Шешен

б) Мәтінмен жұмыс:
- Өлеңді мәнерлеп оқып беру
- Өлең мазмұнына талдау жасау
- Сөздік жұмыс
Қисса - өлең - жырлар
Күңіреніп - зарланып
Заманаларды - сол замандағы оқиғалар
В) Ребус шешейік:
1, 2, 3 ꞌꞌ..., ꞌ с ꞌ м

Шешуі: Сөйлем
г) Оқулықпен жұмыс: 150 - жаттығу
Жатқа жазу:
Әрқашан болсын анам,
Болайын мен де аман.
Сұрақтар: Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылған?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылған?
Осыған қарап ереже құрастырайық:
Ереже: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады.
Д) Топтық жұмыс:
1 топ: Суретпен жұмыс: Көктем көрінісіне әңгіме құрап, сөйлемдегі сөз санын анықтау, байланысын сұрақ қойып анықтау.
2 топ: 151 - жаттығу Керекті жеріне нүкте қойып. сөйлемдерді бас әріптен бастап жазу.
Құралай терезені ашты үйге салқын ауа кірді үйдің ауасы тазарды Құралай сабақ оқыды.
3 топ: Сөйлемді жалғастыр. Қажетті тыныс белгіні қойып көшіріп жаз.
1. Менің жасым....
2. Сен нешінші сыныпта...
3. Алақай, бүгін менің...

IV. Ой толғаныс:
А) Топтық жұмыс:
1 топ: Жырауды жатқа айт
2 топ: Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем түрлерін ата.

3 топ: Сөзжұмбақ шеш:
1. Дыбыстан құралады ---------1. Сөз

2. Тақпақ ----------------------------2. Өлең
3. Қан тоқтататын дәрі---------- 3. Йод
4. Ешкі төлі -------------------------4. Лақ
5. Қысқы аяқ киім ----------------5. Етік
6. Тышқан жауы ------------------6. Мысық

V. Үйге тапсырма: Жырау жаттау, Сөйлем ереже жаттау 149 - жаттығу
VI. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама