Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Асқабақ дәні (ертегі)
«Қатынас» білім беру саласы
Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет (өзін - өзі тану пәнімен ықпалдасуы)
Тақырыбы: Асқабақ (ертегі оқу)
Мақсаты: Балалардың әлем халықтарының ертегілерінің мазмұнын түсінуге қызығушылығын арттыру. Ертегідегі дұрыс іс - әрекетпен қиянат жасамау құндылықтарын түсініп ажырата білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: суреттер
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, сергіту, сұрақ - жауап
Меңгерілетін сөз: абхаз халқы, қызғаншақ.

Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері
Ұмытпайық таңертең
Әлемге күлкі сыйлауды
Кел балалар күлейік
Күлкімен түлейік!
Ұйымдастырушылық ізденушілік.

Ұйымдастыру кезеңі. Жыл мезгілі, айы, апта күнін пысықтау. Оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру. Балалар бүгін сіздерге «Асқабақ дәні» абхаз халық ертегісін оқып беремін.
Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясына кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.

Бой сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты
Түтін тіке шығады
Қарлығаштың қанаты
Самғап биік ұшады.
Балалар ертегіден нені түсіндіңдер? Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?
Рефлексивті кезең
Ойын: «Сипап тап» Сұрақтар арқылы оқу іс - әрекетін пысықтау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтап оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Бұл ертегі арқылы мейірімді, қайырымды, дос, жанашыр болуға, адам түгілі аң, құсқа да қиянат жасамау екенін түсіндіру. Құс болса да жасаған жақсылығына ризашылығын білдіріп және қиянатына да ө з сыйын жасағанын ертегі мазмұны арқылы түсіндіру.
Нені игереді: Балалардың бойынан қиянат жасамау, дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама