Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Достық - татулықтан басталады
Өзін - өзі» тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жоспары
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық»
Тақырыбы: «Достық татулықтан басталады»
Құндылық: Достық, дұрыс әрекет.
Қасиеттер: татулық, сыйластық
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты:
«Достық» құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
- Досын қадірлей білуге үйрету;
- Досына адал болуға тәрбиелеу;
- Досына қиянат жасамауға үйрету.
Ресурстар:
Тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, жүрекшелер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:

2. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, оқу іс - әрекетін бастамас бұрын шеңберге тұрып, қолымызға жүрекшелерімізді алып, бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері
Сәлемдесу
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.
Тыныштық сәті.
А. Еңсепов «Балалық шақ» әуені

2. Өткен материалды пысықтау.
- Балалар, өткен оқу іс - әрекетімізде біз қандай тақырыпта әңгімеледік?
- Ол әңгімеден сендер не түсіндіңдер?
- Сендер достарыңа қалай көмектесіп жүрсіңдер?
3. Дәйек сөз.
«Дос көңілі шарайна,
«Сындырып алма абайла».
4. Әңгімелеу (сұхбат)
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінде біз «Достық татулықтан басталады» тақырыбында әңгімелесеміз.
- Балалар, сендердің достарың көп пе?
- Достарыңмен татусыңдар ма?
- Мен бүгін сендерге В. Сухомлинскийдің «Әйнек - адам» атты әңгімесін оқып беремін. Мұқият тыңдайық.
Бір баланың титімдей досы - Әйнек – адамы болды. Өзі мөп - мөлдір. Бір ғажабы; қасиетті Әйнек – адам досының не ойлағанын, неге мұңайғанына дейін біліп қояды. Бала анасының тілін алмай сыртқа ойнауға шыққалы жатса, - Әйнек – адам бұрынғыдай мөлдіремей, сәл - пәл күңгірт тартып:
- Олай етуге болмайды, әуелі ісіңді тындыр. Ойнауға содан соң шық,- дейді.
Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң, сыртқа шығады. Әйнек - адам үндемейді. Бірақ қайтадан мөп - мөлдір түске енеді.
Бірде баланың аулада бірге ойнайтын жолдасы ауырып қалды. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмады. Әйнек - адамына көзі түсіп еді, жауар бұлттай түнеріп кетіпті. Кімге жаманшылық жасап қойдым, қандай жаман ой ойлап қойдым,- деп сұрады бала дегбірі қашып...
- Ешкімге жаманшылық жасаған жоқсың. Жаман ой да ойлаған жоқсың... Тек досыңды ұмытқаның болмаса.
Баланы ұят қысты. Дереу ауру досының үйіне тартты. Оған анасы сыйлаған бір шоқ гүлін, үлкен - үлкен алмаларын ала барды.
Әйнек – адам осылай баланы нағыз адам, нағыз дос болып өсуге баулыды. Ол – баланың ұят, ары еді.
- Балалар, бұл әңгімеден не түсіндіңдер?
- Бала ойынға шығарда Әйнек – адам неге күңгірт тартты?
- Бала жұмысын тындырғаннан кейін Әйнек – адам қандай түске енді?
- Әйнек - адамның түсі тағы неге бұзылды?
- Ол баланың есіне нені салды?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, «Достық – татулықтан басталады» деген суретті бояп, сонан соң сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.

6. Топпен ән айту.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз «Достық» туралы болғандықтан, бәріміз бірге «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық. Сөзі: Х. Талғаров Әні: И. Нүсіпбаев

7. Соңғы тыныштық сәті.
Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналады.
- Балалар, енді көзімізді жұмып, бүгінгі оқу іс - әрекетін есімізге түсірейік. Бүгінгі оқу іс - әрекетінен алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді жайлап, көзімізді ашуға болады.
- Балалар, оқу іс - әрекетінде барлығың да жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама