Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы,
№ 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия
Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы.

Ата-аналарға психологиялық кеңес
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама