Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жалқы есім
Жалқы есім
Мақсаты:1. Зат есім – сөз табы екені туралы оқушылардың білімдерін нақтылай түсу; Жалқы есімдер, олардың жазылуы туралы түсінік беру.Оқушы біліміндегі олқылықтармен жұмыс.
2. Сауатты, мәнерлі жазу дағдыларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, тілдерін дамыту. Логикалық ойын, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Құралдар: Кеспе материалдары, сызбалар, таратпа материалдар, суреттер.

Қолданылған технология:
Компьютерді пайдаланып, Шаталовтың тірек- сызба технологиясын қолдану.
Қолданылған әдіс- тәсілдер:- сөздік, - көрнекілік , - ойын , - индуктивті, -дедуктивті - проблемалық , - тақтамен жұмыс
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушылар Дихан Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін хормен оқиды.
-Туған тілім- бабам тілі-өз тілім.
Туған тілім- анам тілі- өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім.
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.

Туған тілде жүрегім мен жаным бар,
Туған тілде арым менен қаным бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып- ақ алыңдар.
Мұғалім: - Ия, оқушылар, туған тіліміз тіл болудан қалса, онда біздің еліміз
ел болудан қалады. Туған тіліміз- қазақ тілі - ана тіліміздің мәртебесін көтеру - еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына жолдауында да береке бірлігімізді сақтау деген. Біз бүгінгі қазақ тілі сабағымызды елбасы жолдауын жүзеге асыруға арнаймыз.
Сол үшін де сабағымыз сәтті өтсін деп бір - бірімізге сәттілік тілейік.

Психологиялық ахуал.
Ажар:- Бексұлтан, сен сондай еңбекқорсың. Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілеймін.
Жанәділ:- Нұрсая, сен бүгін тым нұрланып кетіпсің, Сабақта көп сасқалақтама. Бүгінгі күнің сәтті өтсін деп тілеймін.
Нұрсая: - Ерасыл, бүгінгі сабақта тәртіп сақтап, ешкімге кедергі жасамайды деп сенемін. Бүгінгі күнің сәтті өтсін.
Ерасыл:- Ажар, сен сабақта тым асықпай, жазуыңды әдемі жазады деп сенемін.

Сабақ сәтті өтсін.
Бексұлтан:- Жанәділ, дауысыңды қаттырақ шығар.Сабақ сәтті өтсін.
Мұғалім: - Ия, балалар, бүгін бізге қонаққа көп ұстаздарың келіп қатысып отыр. Сондықтан да көп қысылмай, асықпай - саспай, сабаққа жақсы қатысып, білгендеріңді айтып, елбасы жолдауының орындалуына өз үлестеріңді қосады деп сенемін. Сабақ сәтті өтсін.

*Каллиграфиялық жұмыс.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.***128- беттегі сурет бойынша құраған әңгімелерін оқиды.
Қалған оқушылар зат есімдерді тауып айтады.
/// Жекелеген оқушылар 388 – жаттығуды орындап келген, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
III. Білімдерін тексеру.
Сөз дегеніміз не?
Тірек сызба бойынша ережені қорытып айтады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама