Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ата  Заңым – айбыным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының хореографы
Жағалбаева Нұрсулу Саматқызы

Жүргізуші: Ата Заңым – ардағым
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда
Күш қуатым жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты
Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер және ата – аналар Конституция күніне арналған «Ата Заңым - айбыным» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел тәуелсіздік кепілі – ҚР Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. ҚР - ң Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі көк байрағымыз көкте желбіреп тұр, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр.
Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кепілі – Конституция күніне орай сөз кезегі балабақша әдіскері Ақжігітова Ұлмекенге беріледі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан – жақты.
Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Анель: Ата Заңым! Арман әнім.
Сенен асқан бар ма бағым.
Жалғыз саған байланысты
Елінде еркін самғаған.

Каусар: Ата Заңым! Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жансақ бассақ жолға салып
Тәубаңды еске алдыратын.

Айзере: Бақытты болып жүргенім,
Сенің арқаң Ұлы Отан.
Елім менің тірегім
Құшағында гүл атам.

Аружан: Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен Отан.

Даулет: Туған елім гүл елім
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім.

Ханшайым: Барлық есік ашық деймін
Өз елімде мен үшін.
Ата – бабам қорғап қалған
Ұрпақтары елі үшін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама