Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ауа туралы. Кенді пайдалы қазбалар
Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі З. М. Мухатова

Тақырыптар:
1. Ауа
2. Кенді пайдалы қазбалар


Қысқа мерзімді жоспары
Дүниетану 3 сынып
Тақырыбы: Ауа
Мақсаты: Ауа туралы білімдерін тереңдете отырып, оның жер үстіндегі қозғалысын біліп, бақылауға үйрету.
Байқампаздық, әуестік дағдыларын дамыту арқылы, білімдерін салыстыру және қорытынды жасауға мүмкіндік беру.
Нәтиже: Оқушылар бұрынғы білімін жаңа біліммен байланыстырып, салыстырып, қорытындылайды. Өз бетімен жұмыстана отырып, ойын еркін жеткізеді. Зертханалық жұмыста байқампаздық пен әуестік орын алдады.
Қолданылатын әдістер: СТО стратегиялары: «Категориялық топтастыру», «Иә - жоқ»;
Деңгейлік тапсырмалар: «Жіңішке, жуан» сұрақтар,
Өзін - өзі бағалау, бір - бірін бағалау; Үш тілділік компонент.
Қажет құрал - жабдықтар: Флипчарт, стикер, суреттер (дауыл, құйын, торнадо),
3 түсті құмыра (жасыл, сары, қызыл), 3 тілде жазылған сөздер тобы (А4)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Мұғалімнің әрекеті
І Кіріспе.
Психологиялық тренинг.
Сабақтың ұраны:
«Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену!»

Тұсаукесер
Ауа райын бақылау жұмысына жұмылдыру.
Ауа райын бақылап, дәптерге белгілейді, кезекші тақтаға орындайды.

ІІ Негізгі бөлім
«Категориялық топтастыру»стратегиясын қолдану.
1. Флипчартпен жұмыс ұсыну, бұрынғы білімдерін қара түсті маркермен көрсету.
Оқулықпен жұмыс
2. Мәтіннің І бөлігін оқуды тапсыру. Оқушылардың негізгі ойын топтастыруға қосу(қызыл түсті маркермен).
3. №1зертханалық жұмыс жүргізу. Қауіпсіздік ережелері.
№2зертханалық жұмыс жүргізу. Қауіпсіздік ережелері.
4. Мәтіннің ІІ бөлігімен танысуды тапсыру. Оқушы ойларын топтастыруға қосу(қызыл түсті маркермен). Сурет арқылы қосымша мәлімет беру(құйын, торнадо). Олардың салдары.
5. Мәтінмен жұмыс. ІІІ бөлім. Оқушы ойларын топтастыруға қосу(қызыл түсті маркермен)
6. Мәтінмен жұмыс. ІV бөлім. Оқушы ойларын топтастыруға қосу(қызыл түсті маркермен)
Үштілділік компонент
Ауа, воздух, air
Жел, ветер, wind.

«Жуан сұрақ» стратегиясы. Ситуациялық сұрақ:
- Желбағар болмаған жағдайда не арқылы желдің бағытын анықтауға болады?
- Мата қиындысымен,
- Ағаштың тербелуінен;
- Мұржа түтінінен;
- жауыннан, мысалы қар, жаңбыр.
- шөптесін өсімдіктердің қисаюынан, - деген жауаптар алынды.

Сергіту сәті
Мәтін оқылады.
«Күн бұлттанды, жел тұрды.
Жаңбыр жауды. Күшейді. Күн күркіреді. Найзағай ойнады. Жел бәсеңдеді, жаңбыр себелеп жауды... Басылды. Күн ашылды, кемпірқосақ асылды».

Қорытынды
«Иә - жоқ» стратегиясын ұсыну.
Деңгейлік тапсырмалар.

Үйге тапсырма беру
50 бет №3 зертханалық жұмыс. Тапсырманы орындау бағытын түсінуге жағдай жасау.
Бағалау
Өзін - өзі бағалау, бір - бірін бағалау.

Рефлексия
Оқушылар сабақта қалай және қандай деңгейде жұмыстанғанын бағалау тапсырмасы.

Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама